Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті SDU University бірлесіп «Тәжірибелі мамандарға арналған профилактика бағдарламасы» семинарын өткізді. 2024 жылдың 13 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Ғылым және Жоғары Білім Министрлігінің Жоғары және Жоғары Оқу Орнынан Кейінгі Білім Комитеті SDU University бірлесіп «Тәжірибелі мамандарға арналған профилактика бағдарламасы» атты семинар өткізді. Семинарға психологиялық қолдау қызметі басшысы профессор Ш.Сатиева қатысты.
Семинарда төмендегі тақырыптар талқыланды:Психоактивті заттарды қолданудың профилактикасының маңыздылығы мен мақсаты: Психоактивті заттардың зиянды әсерлері, тәуелділіктің алдын алу, оқушылардың психикалық денсаулығын қорғау. Профилактикалық шараларды жүргізудің басты критерийлері: Тиімді және нәтижелі профилактикалық жұмыстарды ұйымдастырудың негізгі принциптері, жас ерекшеліктеріне байланысты әдістер. Оқу орындарында жүргізілетін профилактика туралы жоғары оқу орындарының психолог мамандары пікір алмасты: Оқушылардың психоактивті заттарды қолдануына байланысты проблемаларды шешу жолдары, жақсы тәжірибелерді бөлісу, тиімді әдістерді талқылау.
Семинардың нәтижесінде:Психоактивті заттарды қолданудың профилактикасы бойынша білімдерін арттырды; Профилактикалық шараларды жүргізудің тиімді әдістерін үйренді; Оқу орындарында профилактикалық жұмыстарды ұйымдастыру бойынша пікір алмасты; Қолдау тобының мүшелері арасында ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік алды.
Семинардың өтуі Қазақстандағы білім алушыларға психоактивті заттарды қолдануына қарсы күрес және олардың психикалық денсаулығын қорғау жөніндегі жұмыстардың маңыздылығын көрсетеді.