Жоғарғы оқу орындарының академиялық қызметіндегі имплементация практикасы

Администратор     02 May,2019        

30 сәуір күні Шәкәрім университетінде  Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы Қазақстанның жоғары оқу орындары үшін «ESG: жоғарғы оқу орындары академиялық қызметіндегі имплементация практикасы» вебинарын өткізді.

Вебинар барысында ESG-ге негізделген жоғарғы оқу орындары сапасын ішкі қамтамасыз ету жүйесінің он стандарты түсіндірілді. Сондай-ақ білім беру бағдарламаларының  оқыту нәтижелері, мақсаттарды құрастырудың типтік қателіктері  және қазақстандық жоғарғы оқу орындары сайттарында ақпаратты дұрыс ұсынбау қателері қарастырылды.

Шәкәрім университетінің факультет декандары, кафедра меңгерушілері, білім беру бағдарламаларын әзірлеушілер қатысқан іс-шара- Вебинар Орталық сайтының платформасында кері байланысы бар интерактивті форматта өтті.