Есин Данияр жұмыс сапарымен келді

Пресс-служба     20 Sep,2019        
20 қыркүйек күні Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің вице-министрі Есин Данияр Нұрашұлы Шәкәрім университетінде жұмыс сапарын өткізді.
Вице-министр университет қабырғасынан ашылған қалалық Семей жобалық кеңсесінің жұмыс барысымен және университеттің  қарқынды тұрмыс-тіршілігімен танысты.
Семей жобалық кеңсесі жанынан құрылған Call-центр орталығының мамандарымен кездесіп, қалада әлеуметтік-мәдени, гуманитарлық қатынастың көпірі саналатын орталық жайлы ақпарат алысты.
Вице-министр келесі кезекте, қазақ тілін тез үйретудің механизмін дамытушы әрі насихаттаушы Халықаралық  қазақ тілін үйрету орталығының жұмыс істеу ерекшеліктерімен танысты.
Орталық туралы ақпаратты да Республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында таратуды тапсырды.