Еуропа қазақтар федерациясының президенті Шәкәрім университетінде

Пресс-служба     27 Nov,2019        

Университеттің Қазақ тілін үйретудің халықаралық орталығына қазақ тілін жетік меңгеру үшін Еуропа қазақтар федерациясының президенті Мұрат Ермиш келді.
Айта кетейік, ағымдағы жылы университетімізде өткен «Білім құрылтайында» әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған қандастарымыздың арасында Мұрат Ермиш мырза да болған болатын. Араға көп уақыт салмай қазақ тілін, жазу емлесін үйрену үшін Еуропадан арнайы келген екен. Бүгін Қазақ филологиясы факультеті студенттерімен кездесіп, серпіліс беретін әсерлі жиын өткізді. Еркін форматта өткен жиында қызықты әңгімелер айтылып, түрлі сұрақтар қойылды.
Елім деген азматтың «Біз қазақ екенімізді мақтан тұтуымыз керек» деген мотивациялық сөздері жастардың патриоттық сезімін одан әрі оята түсті.
Жиын барысында Шәкәрім университеті мен Еуропа қазақтар федерациясы арасында меморандумға қол қойылып, ынтымақтастық көпірі нығайа түсті.
Мұрат мырза «Болашақта балаларымыз да осынау рухани астанаға келсе» деген ниетін де жеткізді.