Евгений Выбловпен кездесу өтті

Пресс-служба     17 Apr,2019        

15 сәуір күні Шәкәрім университетінде  “Рухты Шығыс” Аrt-фестивалі мен Жастар жылы аясында және Рухани жаңғыру бағдарламасына 2 жыл толуына орай  әнші, «Х – фактор» жобасының жеңімпазы, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» ұлттық жобасының финалисті – Евгений Выбловпен кездесу өтті. Студенттер мен оқытушылар бір кісідей атсалысқан кеште әнші өзінің тәжірибесімен бөлісіп, студенттердің сұрағына жауап берді. Кездесу Евгений Выбловтың ән шашуымен аяқталды.