Декан: Сейлгазина Сауле Мұнқанқызы
БАЙЛАНЫСТАР

Телефон: +7 (7222) 34-07-96
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы 071400, Cемей қаласы, Шугаева 159
E-mail: saulemukanovna@mail.ru

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің Аграрлық факультеті – Қазақстанның солтүстік-шығысындағы ауылшаруашылығы саласындағы жоғары білімді мамандарды дайындайтын жалғыз оқу орны, жарты ғасырдан асқан, сонау Семей зоотехникалық – малдәрігерлік институтынан бастама алған, бүгінгі таңда 60 жылдық тарихы бар факультет.

Барлық мамандықтарға және білім беру түрлеріне сәйкестендірілген мемлекеттік лицензиялар бар. Факультеттің барлық мамандықтары еңбектің нарығында қажетті.
Осы бағытта аграрлық факультетінің қосар үлесі орасан зор, олай дейтініміз, факультетіміз заманауи жаңа оқыту техникаларымен жабдықталып, оқытудың жаңа озық тәсілідері мен бағдарламаларын іске асыру барысында айтарлықтай дамып келеді.
Факультет барлық қажетті материальдық-техникалық базамен, сондай-ақ қазіргі заманға сай зертханалармен, шеберханалармен жабдықталған, үлкен жұмыс тәжірбиесі және кең халықаралық байланыстары бар көпсалалы оқу орны.
            Факультет құрамына 3 кафедра, 6 ғылыми-зерттеу зертханалары, жылыжай кіреді.
– Ветеринария кафедрасы

– Ауыл шаруашылығы және биоресурстар кафедрасы
– Ауыл шаруашылығы және ветеринария ғылымдарының ғылыми кафедрасы
Зертханалар:
– Aesculap ветеринариялық медицина орталығы;

– Анималогияның қазіргі мәселелері зертханасы;

– Мал азығы сапасын бағалау және мал азықтандыру зертханасы;

– АӨК цифрландыру зертханасы;

– Орман  және егін дақылдарын өңдеу технологиясы зертханасы;

– Ауыл шаруашылық малдарының өнімділігін арттыру бойынша селекциялық жұмыстар зертханасы;

– Агрохимия және өсімдік шаруашылығы өнімдерінің сапасы оқу зертханасы.

Факультетте: жануарларға арналған рентген кабинеті, виварий, жылыжай, анатомиялық мұражай бар.
Қазіргі таңда Аграрлық факультетте 6 білім беру бағдарламасы, 2 жоғары арнайы білім мамандығы, 4 білім беру бағдарламасы бойынша магистратура, 1 білім беру бағдарламасы бойынша докторантура бойынша мамандар дайындайды.
БАКАЛАВР МАМАНДЫҚТАРЫ

 

  • 6В08101 – Агрономия (В077- Өсімдік шаруашылығы)
  • 6В08201 – Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы (В078- Мал шаруашылығы)
  • 6В08302 –  Аң шаруашылығы және аңшылықтану (В079- Орман шаруашылығы)
  • 6В08301– Орман шаруашылығы және орманшылық (В079- Орман шаруашылығы)

 

ЖОҒАРЫ АРНАЙЫ БІЛІМ МАМАНДЫҚТАРЫ:

  • 6В09101 – Ветеринарлық медицина (В083 – Ветеринария)
  • 6В09102 – Ветеринарлық санитария(В083 – Ветеринария)

 

ЖОҒАРҒЫ БІЛІМНЕН КЕЙІНГІ БІЛІМ АЛУ МАМАНДЫҚТАРЫ МАГИСТРАТУРА:

 

  • 7М08101 – агрономия.  Агрономия білім беру бағдарламасы бойынша ауыл шаруашылығы ғылымдарының магистрі (М131- Өсімдік шаруашылығы);
  • 7М08102 – агрономия. Агрономия білім беру бағдарламасы бойынша ауыл шаруашылық магистрі (М131- Өсімдік шаруашылығы);
  • 7М091101 – ветеринарлық медицина. Ветеринарлық медицина магистрі (М091- ветеринария );
  • 7М091102 – ветеринарлық санитария. Ветеринариялық санитария магистрі(М091- ветеринария );
  • 7М08201 – мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы.  Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы білім беру бағдарламасы бойынша ауыл шаруашылығы ғылымдарының магистрі (М132- Мал шаруашылығы);
  • 7М08202 – мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы.  Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы білім беру бағдарламасы бойынша ауыл шаруашылық магистрі (М132- Мал шаруашылығы);

 

ЖОҒАРҒЫ БІЛІМНЕН КЕЙІНГІ БІЛІМ АЛУ МАМАНДЫҚТАРЫ:

Докторантура

  • 8D09101 – ветеринарлық медицина. Доктор PhD (8D091- Ветеринария)
  • 8D09102 – ветеринарлық санитария. Доктор PhD (8D091- Ветеринария)

 

Факультетіміз халықаралық оқу орындарымен атап айтсақ, Америка Құрама Штаты, Англия, Турция, Германия, Чехия, Болгария және Польша, Беларусия және Монғолиямен тығыз байланыс жасайды. Соңғы 3 жылда Аграрлық факультетінде:

Сарбасов Дос – доктор PhD, АҚШ, Техас университетінен; Нил Дайер – доктор PhD, АҚШ;

Трэвис и Роберд Меддоки – доктор PhD Солтүстік Дакота мемлекеттік университетінен, Дакота Глобал, АҚШ;

Чарли Столтноу – доктор PhD, АҚШ, Солтүстік Дакота мемлекеттік университетінен;

Омарбеков Ж. Е. – ветеринариялық медицина докторы, АҚШ, Хьюстон университетінен;

Михайловский С.В.- доктор PhD, Англия «Брайтон» университетінен;

Юлдашбаев Ю.А.- а.ш.ғ.д., профессор, РМАУ К.А. Тимирязев атындағы университетінен;

Мир Муддасир Гофхар, Манав Бхарти – доктор PhD, Индиядан;

Христина Янчева – доктор PhD, Аграрлық университетінің ректоры, Пловдив қаласы (Болгария);

Божена Лозовещка – доктор PhD, «Өсімдік қорғау институты» Польша мемлекетінен,

Финогенов Артем Юрьевич – «С.Н. Вышелесский атандығы Эксперименталды ветеринария институты» бөлім меңгерушісі, Минск қаласы;

Заболотный Михаил Васильевич- ОММАУ ветеринария мен санитарлық экспертиза кафедра меңгерушісі;

Мырзабек Ханжарбай (Моңғолия, Баян-Өлгей қаласы) – Баян-Өлгей Ғылым Академиясы – экономика ғылыми орталығы экология секторының меңгерушісі келіп, ПОҚ және магистранттар мен студенттерге дәрістерін оқып, өз тәжірибелерімен бөлісті.

2006 – 2020 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің «ЖОО Үздік оқытушысы» және «Ұлағатты ұстаз»  атағын иеленді:

  • Курманбаев С.К. а.ш.ғ.докторы, профессор
  • Дюсембаев С.Т.- в.ғ.докторы, профессор
  • Сейлгазина С.М.- РФ а.ш.ғ.докторы, профессор м.а.
  • Кожебаев Б.Ж. – а.ш.ғ.докторы
  • Боярченко Е.К. в.ғ.к., доцент
  • Байгазанов А.Н., в.ғ.к., доцент
  • Серикова А.Т., в.ғ.к., профессор м.а.

1950ж. Семей зоотехникалық–малдәрігерлік институты КСРО Министрлер Кеңесінің 15.12. 1950 ж. № 4943 қаулысынан кейін КСРО АШМ 25.12. 1950 ж. № 1794 бұйрығымен ашылып, оған жылына қабылданатын студенттер құрамы 300 адам белгіленген.

1952ж. – жоғары оқу орны ресми түрде 1952 ж. 1 қыркүйегінде ашылған.

1995ж. – ҚР Министрлер Кабинеті қаулысымен институт жойылып, оның негізінде «Семей» мемлекеттік университеті құрылды. 1999 ж. Ол Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университет болып аталды.

Семей зоотехникалық–малдәрігерлік институты ветеринария және агро менеджмент факультетіне (2004ж.– Агроэкологиялық институт, 2006ж. – ветеринария және мал шаруашылығы факультеті, 2007ж. – Агроэкологиялық факультет, ал 2008ж. Аграрлық факультет) болып қалыптасты.

Факультеттің тұңғыш деканы болып профессор З.Қ.Тоқаев (экс – ректор, ветеринария ғылымдарының докторы, Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары Академиясының академигі, РФ профессоры, ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері, қазақтың жаңа құйрықты жартылай қылшық жүнді «Байыс» қой тұқымының авторы) тағайындалды.

Деканның орынбасары қызметін Е.О. Омарбеков, С.М. Сейлгазина, Р.Ж. Байгапанова, Г.Е. Лавриненко, О.Д. Ильгекбаев, С.Х. Тойкин, Г.С. Сапарова, С.Т. Дюсембаев, С.К. Калиева, С.М. Тугамбаева, Койгелдинова А.С. атқарды. Қазіргі кезде бұл қызметті PhD – Закиева А.А. және тәрбие жұмысы бойынша ауыл шаруашылық магистрі – Айтқазы А.Д.  атқаруда,  факультет диспетчері – Есенова Күлкен.

Аграрлық факультеттің Миссиясы аграрлық ғылым саласындағы классикалық білім беру құндылықтарын сақтай келе, іргелі білім алған және инновацияны тиімді енгізуге қабілетті жоғары білікті мамандарды даярлау болып табылады.

Аграрлық факультетінің 2019- 2020 оқу жылына  арналған сапа бойынша мақсаттары

 

  1. Факультет кафедраларының білім беру бағдарламаларын институционалдық аккредиттеуден өту арқылы білім беру қызметінің сапасын растау.
  2. Scopus немесе Web of Science реферативтік мәліметтер базасында индекстелетін кафедра ПОҚ 5 мақаласын жариялау.
  3. Студенттердің оқу үлгерім сапасын 92 % – ға, бітірушілердің жұмыспен қамтылуын 85% жеткізу.
  4. ПОҚ-ын ҚР БҒМ желісі бойынша қаржыландырылатын гранттық жобаларға қатысуын 5- ке дейін жеткізу.
  5. ПОҚ және білім алушылардың академиялық қоғамдастықта рейтингі бар жетекші шетелдік жоғары оқу орындарымен өзара ынтымақтастығын кеңейту. 2-ден кем емес студенттердің қатысуын қамтамасыз ету жолымен Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарымен академиялық ұтқырлықты жүзеге асыру.
  6. Факультет студенттерін ғылыми зерттеулерге тарту. Студенттер үшін республикалық олимпиадалар мен халықаралық конференцияларға қатысу мүмкіндігін жасау. Студенттердің СҒЗЖ-ға қатысуын 30% – ға дейін арттыру.
  7. Факультет мамандықтары бойынша мақсатты PhD докторантура бағдарламасы арқылы факультеттің ПОҚ-ның дәрежесін көтеру:

– 6D 080700 «Орман ресурстары және орманшылық» – 1 адам;

– 6D 080100 «Агрономия» – 1 адам;

-6D 080200 «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы » – 1 адам;

– 6D120100 «Ветеринарная медицина» – 1 адам;

– 6D120200 «Ветеринарная санитария» – 1 адам.

  1. Әлеуметтік жобаларды іске асыру арқылы жастардың азаматтық белсенділігін, әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыру және патриоттық тәрбие беру.
  1. Қадағалау аудит барысында сәйкесіздіктердің болмауын қадағалау.
  2. Профессор-оқытушылар құрамының кем дегенде 4 мақалаларын шетел басылымдарында импакт-факторына жариялау.
  3. Студенттердің оқу үлгерімдерінің сапасын 89% жоғарлату.
  4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бағыты бойынша ғылыми тақырыптар гранттарына ПОҚ қатысуын қадағалау.
  5. Кафедра ғалымдарының ғылыми зерттеу жұмыстарына студенттерді қатыстыру және студенттерге республикалық деңгейде өтетін олимпиадаларға қатысуларына мүмкіндік жасау.
  6. Факультеттің ПОҚ дәрежесін PhD доктарантура бағдарламасы бойынша төмендегі мамандықтар бойынша көтеру:
    • 6D120200-«Ветеринариялық санитария» – 1 адам
    • 6D080700-«Орман ресурстары және орманшылық» – 1 адам
    • 6D080200-«Тағам өнімдерін өндіру технологиясы»-1 адам
  7. Заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған 2 оқу зертханасын құру:
    • Малшаруашылығы және аңшылықтану кафедрасы «Морфология және жануарлар физиологиясы»;
    • Агротехнология және орман ресурстары кафедрасы «Топыраққа анализ жасау және дәндердің сапасын анықтауға арналған оқу лабораториясы»
  8. Университетіміздің қабырғасынада өткізілетін әртүрлі мерекелік іс-шараларға студенттердің қатысуын 50%-ға көтеру.

Тәрбие жұмысы

Азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттің қалыптасуы жағдайында оқу орнының міндеті инновацияға, өз өмірі мен қызметін, қоғам істерін басқаруға қабілетті, өз күштеріне сенуге, өзінің материалдық тәуелсіздігін қамтамасыз етуге дайын, адамның демократиялық түрін тәрбиелеу болып табылады.

Факультетте тәрбие жұмысы студенттердің мәдени, кәсіби және рухани – адамгершілік дамуына бағытталған, ол келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады: патриоттық тәрбие, отбасылық тәрбие, рухани-адамгершілік тәрбие, саяси және құқықтық мәдениетті тәрбиелеу, көпмәдениетті тәрбие, еңбек тәрбиесі, интеллектуалды, СӨС, діни тәрбие, кіші деканат.

Деканат, факультет кафедралары студенттермен тығыз байланыста жұмыс істейді, жұмыс жоспарын толық орындай отырып, әртүрлі маңызды және өзекті мәселелер мен тақырыптар бойынша топтық және жеке түрде тәрбиелік және түсіндіру әңгімелерін жүргізеді.:

  • сабаққа қатысу және үлгерім туралы;
  • маскүнемдіктің, темекі шегудің және есірткі қолданудың зияны туралы;
  • жеке гигиена және салауатты өмір салты туралы;
  • төтенше жағдайлардағы қауіпсіздік ережелері туралы;
  • азаматтық сана мен толеранттылық туралы;
  • ЖОО-дағы ішкі тәртіп ережелері туралы

ОҚУ ЖҰМЫСТАРЫ

Негізгі міндеттері: әлемдік білім беру мен ғылыми ой рейтингтеріне сәйкес дипломдарды иеленген жоғары білікті кадрларды даярлауға, білім беру процесіне жаңа технологияларды енгізуге, білім беру қызметтерінің сапасын ішкі бағалау жүйесін жетілдіруге, инновациялық технология негізінде білім, ғылым мен өндірістің интеграциясын қамтамасыз етуге қатысу.

Факультетте жоғары білікті ПОҚ бар. Олардың ішінде: 17 ғылым докторы, профессорлар, профессор м.а., 22 ғылым кандидаты, доценттер, 3 мемлекеттік грант иегері. Ғылыми дәреже  көрсеткіші 63%.

Мемлекеттік марапаттарға ие болған ПОҚ:

  1. Тоқаев Зейнолла Қалымбекович – в.ғ.д. «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар» кафедрасының профессоры – медальдар: «Ерен еңбегі үшін». «В.И. Лениннің 100 жылдығына орай» 25.03.1970ж; «Еңбек ардагері» 21.04.1987ж; «Ерен еңбегі үшін» 12.12.2002 ж; «Астанаға 10 жыл» толуына орай 13.07.2008 ж; «Құрмет» орденімен 2012ж.
  2. Жұмабеков Халит Смагулович – в.ғ.к. «Ветеринария» кафедрасының профессоры – «Еңбек ардагері» медалі, 13.06.1989 ж.
  3. Тугамбаева Салима Манатовна – в.ғ.к. «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар» кафедрасының профессор м.а., – медаль: «Шәкәрім» медальі, 2011ж.

Төс белгімен марапатталғандар:

1.Жұмабеков Халит Смагулович – «Ветеринария» кафедрасының профессоры – «ҚР ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкер», 21.09.2002 ж.

2.Тоқаев Зейнолла Калымбекұлы – в.ғ.д. «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар» кафедрасының профессоры «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері», 8.02.2002 ж.

3.Омарбеков Есенгельды Омарбекович – в.ғ.к. «Ветеринариялық санитария» кафедрасының доценті – «Қазақ ССР халық ағарту ісінің үздігі», 27.08.1992 ж.

Аграрлық факультетте компьютерлік технологиялық оқу бағытына көшу жүзеге асырылуда, білім бер бағдарламасы аясында РФ-ның жоғарғы оқу орындарымен байланыс дамуда, «Екі дипломдық білім» бағдарламасы бойынша Омбы мемлекеттік аграрлық университетімен келісім- шартқа отырды.

Аграрлық факультет бакалавриат (мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы, агрономия, аңшылықтану және аң шаруашылығы, орман ресурстары және орман шаруашылығы), жоғары кәсіптік (ветеринариялық медицина, ветеринариялық санитария) және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру (магистратура: Ветеринарлық медицина; Ветеринарлық санитария, Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы, Агрономия; докторантура: 8D09101 – ветеринарлық медицина, 8D09102 – ветеринарлық санитария) бойынша мамандарды — “Ветеринария”, “Ауыл шаруашылығы және биоресурстар” 2 кафедрада дайындайды.

Университет құрамындағы Аграрлық факультеті ISO-9001-2000 сапа менеджменті жүйесіне сай сертификатталған. 2008 ж. университеттің СМЖ 3 жылға қайта сертификатталды.

АФ-нің мақтаныштары  81,5%-ы  “өте жақсы” және “жақсы”оқитын студенттер. Олардың көпшілігі оқуды қоғамдық жұмыспен шебер ұштастырады. АСК бөлімін 3 курс студенті, ВМ-701 тобының студенті Оразғалиев Сымбат, старосталар кеңесін 2 курс студенті, АГ-803 тобының студенті Жұматаев Жақсылық, кіші деканатты 3 курс студенті, ВМ-703 тобының студенті Серказиева Елдана басқарады.

Президенттік стипендия иегерлері 3-4 курс студенттері: ТЖ – 605 Кұрманғали Ләйлім, ТЖ-605 тобы Ахметченова Ақжан, ВМ-603 тобы Мұратбек Мұхаметали, ВС-605 тобы Турсынбай Азамат, ВМ – 6011 тобы Каримов Елдос, ОЗ – 607Муратов Ерхат, АГ – 613 тобы Абылхакова Арай.

 

 

 

 

 

 

Аграрлық факультетте оқу ақысы

Шифр Білім беру бағдарламасының атауы Күндізгі Қашықтықтан оқыту технологиясы
6В08101 Агрономия 381 200 238 000
6В08201 Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы 381 200 238 000
6В08302 Аңшылықтану және аң шаруашылығы 381 200 238 000
6В08301 Орман ресурстары және орман шаруашылығы 381 200 238 000
6В09101 Ветеринарлық медицина 349 400 233 000
6В09102 Ветеринарлық санитария 349 400 233 000