Ақпараттық жүйелер кафедрасының тарихы 1985 жылдан басталады, Семей технологиялық институтының ет және сүт өнеркәсiбiн автоматтандыру мен басқарудың автоматтандырылған жүйесі кафедрасының базасында «Қолданбалы математика және информатика» кафедрасы құрылды, оның іргесін Мәскеу және Новосiбiр Жоғары оқу орнының түлектерi, ғылым кандидаттары С.К.Смағұлов, Б.М.Әукенов, .Ж.Абденовтар қалады.
1996 жылы кафедра «Экономикалық кибернетика» атауын алады. Бір уақытта мамандарды дайындауға арналған ЖОО үшін жаңа облыс «Экономикалық кибернетика» мамандығы ашылды.
2004 жылы кафедраның атауы «Ақпараттық жүйелер» болып өзгертілді. ҚР-ның мамандық классификаторының өзгеруіне байланысты кафедра студенттерін «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша дайындай бастады.
Қазіргі уақытта кафедра 2 мамандық бойынша бакалавр дайындайды:
5В070300 – «Ақпараттық жүйелер»
5В090100 – «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру».
Кафедраның меңгерушісі экономика ғылымдарының кандидаты, доцент, халықаралық ақпараттандыру Академиясының толық мүшелігіне кандидат, ҚР- ның білім беру ісінің үздігі, Мәскеу басқару институтының «Экономикалық кибернетика» мамандығының түлегі Смағұлов Серік Қанатұлы.
Кафедрада Қазақстан мен Ресейдің жетекші оқу орындарының түлектері жұмыс атқарады. Оның құрамында 3 ғылым кандидаты мен 7 магистр бар.
Кафедра есебінде 12 түлек шығарылды, түлектердің еңбекпен қамтылуы мен олардың еңбек жолы кафедра оқытушылары мен университеттің мақтанышы болып табылады.
Оқу үрдісін ұйымдастыру және ғылыми зерттеу жұмыстарын өткізуге арналған ақпараттық жүйе мен керекті талаптарды құру жолымен тасымалдауды ұйымдастыру аумағында дәрежелі кадрларда өндірістік қажеттілікті қанағаттандыру үшін жоғарғы дәрежелі мамандарды даярлау.
Кафедра жұмысы терең теориялық және практикалық дайындығы бар, мықты кәсіби білімді, білік және дағдыларды меңгерген мамандарды мемлекеттік білім беру стандарттарына сай даярлап шығуға бағытталған
Келесі мамандарды айрықша бөліп көрсетуге болады: