Каталог элективных дисциплин (5В050700 Менеджмент КЭД 2018)
Каталог элективных дисциплин (6М050700 Менеджмент КЭД 2018)
Образовательная программа (5В050700 Менеджмент МОП 2018)
Образовательная программа (6М050700 Менеджмент МОП 2018)
ОП ГМУ – 2 год научно-педагогич 2019 (с рецензией)
ОП Менеджмент – 2 год научно-педагогич 2019 (с рецензией)
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің Менеджмент кафедрасы 2004 жылы құрылған. Осы жылдар ішінде бизнесті басқару және мемлекеттік басқару саласында білікті кадрларды даярлау бағыты бойынша игі дәстүрлер қалыптасты.
Бүгінгі таңда Менеджмент кафедрасы еңбек нарығындағы жаһандық бәсекелестік жағдайдың талаптарына сай кадрларды даярлауға қабілетті заманауи оқытушылар мен профессорлық құрамынан тұрады.
Жылдам өзгеріп келе жатқан әлем және оның үздік технологиялары жаңа мамандықтар мен қызметтерді туындатып отыр. Бұл өз кезегінде кей қызметтерді ысырып тастап, оны өткенге айналдыруда. Осы үрдістерден кейін білім берудің сипаты да өзгереді. Қазір біз студенттерге бір-екі жылдың көлемінде ескіріп қалатын білім қорын жүктеуді емес, студенттердің бойындағы құзыреттер мен дағдыларды дамытуға бағытталған әрекеттерге көп көңіл бөлеміз. Жаңа білім алуға, өздігінен ізденуге, қажеттісін қамтып, қажетсізін ысырып тастауға үйретеміз. Ал бұл – адам өмірін жақсартуға мүмкіндік беретін дағдылар.
Ылайым жоғары сұранысқа ие, қажетті маман болу үшін кәсіби маман сыни ойлау, креативті әрекет жасау, ұжымда жұмыс істей білу, игі қарым-қатынас орната білу, дұрыс шешімдерді дер кезінде қабылдай білу машықтарына ие болуы керек. Бұл қазіргі заманғы дүниенің кілті мен талабы.
Біз «Менеджмент» және «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтары бойынша бакалавриат және магистратура мамандарын даярлаймыз. Біз студенттердің бойындағы адамдық әлеуетіне көп көңіл бөліп, оны «Shakarim Family» отбасылық дәстүрінде әрі қарай дамытамыз.
Сапалы білім – табысты мақсатқа жету жолы!
«Менеджмент» кафедрасының миссиясы – еңбек нарығында бәсекеге қабілетті және кәсіби салада көшбасшы болатын білікті кадрларды даярлау.
Менеджмент кафедрасы 6В051000 «Мемлекеттік және жергілікті басқару», 5В050700 «Менеджмент» мамандықтары бойынша бакалаврларды және 6М051000 «Мемлекеттік және жергілікті басқару», 6М050700 «Менеджмент» мамандықтары бойынша магистрлерді дайындайды.
МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ ЖЕРГІЛІКТІ БАСҚАРУ
(БАКАЛАВР ЖӘНЕ МАГИСТРАТУРА)
Бағдарламаның мамандандырылуы: Мемлекеттік қызмет, Мемлекеттік менеджмент және бизнес
Салаларға жұмысқа орналасу мүмкіндіктері:
– Мемлекеттік қызмет
– Ұлттық және трансұлттық компаниялары
– Халықаралық ұйымдар (БҰҰ, Бүкіләлемдік Банк)
– Банктік және қаржылық сектор
– Шағын және орта бизнес
МЕНЕДЖМЕНТ
(БАКАЛАВР ЖӘНЕ МАГИСТРАТУРА)
Бағдарламаның мамандандырылуы: Бизнес басқару, Коммерциядағы менеджмент, Қонақ үй менеджменті
Салаларға жұмысқа орналасу мүмкіндіктері:
– Компанияны басқару жеке бизнес
– Маркетинг, дистрибуция, логистика және басқалары.
– Банктік және қаржылық сектор
– Консалтинг және қоғаммен байланыс
– Коммуникация және келісімшарттарды басқару
Еуропа, АҚШ және Азия жоғары оқу орындарының диплом бағдарламасы, академиялық ұтқырлық, Бизнес ағылшын, TOEFL (Шәкәрім университетінің базасында)