Академиялық дәрежесі мен біліктілігі: информатика бакалавры
Оқу мерзімі: 4 жыл;
Мамандық түлектерінің кәсiптiк қызмет көрсету саласы: жалпы білім беретін мекемелерінде және орталықтарда балалар мен оқушыларға білім беру және дамыту, ақпараттық-коммуникациялық құралдарды және технологияларды пайдаланатын мекемелер, кәсіпорындар және ғылыми ұйымдар.
Кәсіби қызметінің пәні: білім беру процесінің құндылықты-мақсаттың бағытының, мазмұнының, әдістерінің, формалары және нәтижелерінің бірлігі; информатика, қолданбалы математика, педагогика, психология және оқыту әдістемесі саласындағы ғылыми-зерттеу, инновациялық, ақпараттық-аналитикалық қызметі; бағдарламалық, математикалық және ақпараттық қамтамасыз етуді енгізудің, жобалаудың технологиялық процесі; ғылым мен техниканың мәселелерін компьютерлік визуализациялау үшін бағдарламалық қамтамасыз ету, ғылыми зерттеулерде және педагогикалық қызметте шынайы процестерді, абстрактілі түсініктерді анимациялау; ғылым, техника және білім берудегі есептерді шешудегі заманауи математикалық әдістерді, қолданбалы математика және информатика әдістерін пайдалану.
Бітірушілердің кәсіптік қызмет нысанасы болып табылады: мемлекеттік және мемлекеттік емес қаржыландыруындағы білім беру мекемелері, мектеп жасына дейінгі балалар мекемелері, мектептер, лицейлар, гимназиялар, колледждар, техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері; математика, қолданбалы математика, педагогика, психология және оқыту әдістері саласындағы ғылыми, ғылыми-зерттеу орталықтары; мемлекеттік білім беру басқармалары, департаменттері; өз жұмысында қолданбалы математика әдістерін және компьютерлік технологияларды пайдаланатын әртүрлі меншіктегі ұйымдар.
Педагогикалық бағыттағы бакалавриат мамандығының түлегі төмендегідей орындарда жұмыс істей алады:
- орта мектептерде математика мұғалімдері және арнай орта білім мекемелерінде, лицейлерде, гимназияларда, кәсіптік-техникалық училищелерде жұмыс істей алады;
- ғылыми-зерттеу институттарында, информатика және информатика мен білім берудің әдістемелік бағыттары бар орталықтарда;
- математикалық әдістер мен компьютерлерді қолданатын мемлекеттік басқару орындарында, білім беру департаментінде, әртүрлі жеке меншік мекемелерінде.
5В011100 – Информатика мамандығының бакалаврлары келесі функцияларды орындауға дайын:
- педагогикалық және тәрбиелеу үрдісінің ұйымдастырылуы, сонымен қатар қазіргі заманғы педагогикалық және ақпараттық технологияларды қолданып іске асырылуы;
- таңдалған бағыттағы немесе басқа да салаларда ғылыми зерттеулердің жүргізілу;
- жобалаудың барлық бөлімдеріне қатысуы, программалық, ақпараттық қамтамасыз ету;
- оқу мекемелерінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды өзінің еңбегі мен өзіндік оқуын ұйымдастыруда белсенді түрде қолдану.