5В020700 «Аударма ісі» мамандығы
Аудармашы- адамдарды біріктіруге бағытталған ең көне, гуманисті және ізгілікті іс. XXI ғасырда аудармашы күнделікті тұрмыс, саясат, әлеуметтік және мәдени салада ерекше орын алған, жаһандану дәуірінде аса қажетті мамандық.
Оқу мерзімі:
Күндізгі оқу бөлімі– 4 жыл (бакалавр),
Жеделдетілген оқу бөлімі – 3 жыл (бакалавр),
Қашықтан оқу бөлімі – 3 жыл (бакалавр)
Оқыту: қазақ және орыс тілдерінде
БІЛІКТІЛІК СИПАТТАМАСЫ
«АУДАРМАШЫ -РЕФЕРЕНТ» республикадағы өзге мемлекеттермен ғылыми-мәдени, сыртқы саяси, ішкі экономикалық ( институттар және ғылыми-техникалық ақпарат бөлімдерінде), әдеби байланыстарды іске асыратын мекемелер мен ұйымдарда кәсіби жазба аударма(толық немесе қысқаша) және ауызша сатылы аударма жасауға тиіс.
«АУДАРМАШЫ-ФИЛОЛОГ» жазбаша және ауызша аударма жасайды, аударматану және филология саласында зерттеулер жүргізеді: гуманитарлық және техникалық бағыттағы орта арнайы-кәсіби оқу орындарында шет тілі оқытушысы қызметін атқарады.
ҚАНДАЙ МЕКЕМЕЛЕРДЕ ЖҰМЫС ІСТЕЙ АЛАСЫЗ?
• халықаралық ұйымдар
• ақпараттық-идеологиялық орталықтар
• әртүрлі ақпараттық-талдау орталықтары
• елшіліктер мен өкілдіктер
• қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мекемелері
• туризм агенттіктері
• аударма бюросы
• гуманитарлық және техникалық бағыттағы орта арнайы-кәсіби оқу орындары
«Аударма ісі» мамандығының 2010 жылғы түлегі Туйтина Назгуль Себеповнаның пікірі
«Аударма ісі» мамандығының 2013 жылғы түлегі Данияр Төлтаевтың пікірі