Декан: Әміржан Леонидұлы Қасенов
БАЙЛАНЫСТАР

Телефон: +7 (7222) 31-46-02
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы 071400, Cемей қаласы, Физкультурная көш. 4, кабинет 101

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің инженерлік-технологиялық факультеті – Қазақстандағы және елдің солтүстік-шығыс өңіріндегі  тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібіне инженер-мамандар даярлайды. Факультетте 65 % жуық ғылыми дәрежелері және атақтары бар оқытушылар қызмет атқарады.
Барлық білім беру бағдарламасына сәйкестендірілген мемлекеттік лицензиялар бар. Факультеттің барлық білім беру бағдарламалары еңбек нарығында қажетті.
Факультет бакалавр бойынша 16 білім беру бағдарламасын, магистратура бойынша 12 білім беру бағдарламасын және РhD-докторантура бойынша 4 білім беру бағдарламасын мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізеді.

БАКАЛАВРИАТ

Білім беру бағдарламасының бағыты Білім беру бағдарламасының атауы
1 B050- Биологиялық және аралас ғылымдар 6B05102-Биотехнология
6B05101-Биология
2 B053-Химия 6B05301-Химия
3 B076- Стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша), 6B07501- Стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша),
4 B064- Механика және металл өңдеу 6B07106- Машинажасау
6B07105- Технологиялық машиналар мен жабдықтар
5 B062- Электр техникасы және энергетика 6B07103-Жылуэнергетикасы
6 B054-Физика 6B05303-Техникалық физика
6B05302-Физика
7 B070- Тоқыма: киім, аяқ киім және былғары бұйымдар 6B07203- Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы
8 B068- Азық-түлік өнімдерін өндіру 6B07201- Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (салалар бойынша)
6B07202- Азық-түлік өнімдерінің технологиясы
9 B060- Химиялық инженерия және процестер 6B07101- Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы
6B07102- Органикалық заттардың химиялық технологиясы
10 B051- Қоршаған орта 6B05201-Экология
11 B094-Санитарлық-профилактикалық іс-шаралар 6B11201-Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау

 

 

 

МАГИСТРАТУРА

Білім беру бағдарламасының бағыты Білім беру бағдарламасының атауы
1 M082-Биотехнология 7M05102-Биотехнология
2 M090-Физика 7M05302-Техникалық физика
3 M098-Жылуэнергетикасы 7M07101- Жылуэнергетикасы
4 M087- Қоршаған ортаны қорғау технологиясы 7M05201-Экология
5 M080-Биология 7M05101-Биология
6 M103- Механика және металл өңдеу 7M07103- Технологиялық машиналар және жабдықтар (салалар бойынша)
7M07104- Машинажасау
7 M130- Стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша) 7M07501- Стандарттау және  сертификаттау  (салалар бойынша)
8 M111- Азық-түлік өнімдерін өндіру 7M07201- Азық-түлік өнімдерінің технологиясы (қолдану саласы бойынша)
7M07202- Өңдеу өндірістерінің технологиясы (салалар бойынша)
7M07203- Тағам қауіпсіздігі
9 M089-Химия

 

7M05301-Химия

ДОКТОРАНТУРА

Білім беру бағдарламасының бағыты Білім беру бағдарламасының атауы
1 D090-Физика 8D05302-Техникалық физика
2 D111- Азық-түлік өнімдерін өндіру 8D07201- Азық-түлік өнімдерінің технологиясы (қолдану саласы бойынша)
8D07202- Тағам қауіпсіздігі
3 M103- Механика және металл өңдеу 7M07103- Технологиялық машиналар және жабдықтар (салалар бойынша)
4 D089-Химия

 

8D05301-Химия

Факультет құрамында 6 кафедра, 3 кафедра филиалы, 2 ғылыми-зерттеу институттары бар.

Атауы
1 «Технологиялық жабдықтар және машинажасау» оқу кафедрасы
2 «Техникалық физика және жылуэнергетика» оқу кафедрасы
3 «Тамақ және қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы» оқу кафедрасы
4 «Биотехнология және стандарттау» оқу кафедрасы
5 «Химия және қоршаған ортаны қорғау» оқу кафедрасы
6 «Адам экологиясы» ғылыми кафедрасы

Ғылыми-зерттеу институттары: ет және сүт өндірісі; химиялық-экологиялық мәселелер.

ТАРИХЫ

СЕМЕЙ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫНЫҢ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ

Өткен ғасырдың 60-жылдары Семей қаласы – сол замандағы қуаттылығы жағынан үшінші орында тұрған М.И.Калинин атындағы ет комбинаты орналасқан жеңіл және тамақ өнеркәсібінің қарыштап дамыған алып елдің бір қаласы болатын. Осы комбинатқа орта және жоғары дәрежелі мамандар өте қажет еді. Орта дәрежелі мамандарды Семей политехникумы сәтті дайындап шығарып отырды, ал жоғары дәрежелі мамандар дайындайтын оқу орны қалада болған жоқ. Сондықтан, облыс басшылығы мен ет-консерві комбинатының директоры Н.А.Крипактың және Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің өтініші бойынша, 1962 жылы мамырда Қазақ химия-технологиялық институтының Семей жалпы техникалық факультетін құру туралы шешім қабылданды. Басты институт Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы – Шымкент қаласында болды. Сол кездері Жамбыл қаласындағы институт филиалының директоры – Сеитов Хамза Сеитұлы еді.
          1962 ж. – Қазақ ССР орта және жоғары арнайы білім беру Министрлігінің 1962 жылдың 3 маусымындағы №609 бұйрығына сәйкес Шымкент қаласындағы Қазақ химия-технологиялық институтының жалпы техникалық факультеті Семей қаласында ашылды. Жалпы техникалық факультеттің деканы болып Талалаев Владимир Дмитриевич тағайындалды.Жалпы техникалық факультетті Владимир Дмитриевич басқарған кезең – Семей ет және сүт өнеркәсібі технологиялық институты тарихының жарқын беттерінің бірі.

1963 ж. – Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің 1963 жылғы 15 сәуірдегі №300 үкімі және Қазақ ССР орта және жоғары арнайы білім беру Министрлігінің 1963 жылғы 26 сәуірдегі №336 үкімі бойынша жалпы техникалық факультет, Қазақ химия-технологиялық институтының тамақ өнімдері факультеті болып атауын өзгертті (Шымкент қ.). 1963 жылы тамақ өнімдері факультетінің күндізгі оқу бөліміне алғашқы рет студенттерді қабылдау жүзеге асырылды.

1965 ж. – Министрлігінің 1965 жылғы 19 наурыздағы №213 бұйрығына сәйкес, тамақ факультеті Жамбыл жеңіл  және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтының Семей қаласындағы бөлімшесіне айналды. Тамақ факультетінің қайта ұйымдастырылуына байланысты институт бөлімшесін бұрынғы факультет деканы В.Д.Талалаев басқарды.

1980 ж. – 1980 жылы бөлімше Семей ет және сүт өнеркәсібі технологиялық институты статусын алды. 1980 жылы 1 сәуірде Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің 1979 жылғы 28 желтоқсан №984 қаулысы бойынша Семей ет және сүт өнеркәсібі технологиялық институты құрылды.

1984 ж. – 1984 жылы институттың Глинки көшесі, 20 А мекен-жайындағы СЕСӨТИ-дің бас ғимаратының құрылысымен танысу үшін, СССР ет және сүт өнеркәсібінің министрі С.Ф.Антоновтың өзі келді. 1993 жылдан бастап 12 қабатты оқу ғимараты Семей қаласына көрік беріп тұр және біздің университеттің бас ғимараты болып табылады. 1984 жылы Семей ет және сүт өндірісінің технологиялық институтының алғашқы студенттері мен аспиранттары Мәскеу ет және сүт өндірісінің технологиялық институтына оқуға жолдама алды.

 1989 ж. – 1989 жылы Семей ет және сүт өнеркәсібінің технологиялық институтында қазақ факультеті ашылды. 1989 жылдан 1995 жылға дейін факультет деканы – техника ғылымдарының кандидаты А.М.Нұғыманов болды. 1995-1996 жылдары факультет деканы болып техника ғылымдарының кандидаты, доцент Қ.Ж.Әмірханов тағайындалды.
          1993 ж. – 1993 жыл 30 желтоқсанда ЖАК-тың №192-1ж бұйрығына сәйкес Семей ет және сүт өнеркәсібінің технологиялық институтында 05.18.04 – «Ет, сүт және балық өнімдерінің технологиясы» және 05.18.12 – «Тамақ өнеркәсібінің процестері, машиналары және агрегаттары» мамандықтары бойынша техника ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертациялық жұмыстарды қорғауға аймақтық мамандандырылған кеңес ашылды.Арнайы мамандандырылған кеңес төрағасы – профессор Н.А.Апсалямов, төрағаның орынбасары – техника ғылымдарының докторы, профессор Ө. Шоманов, ғылыми хатшы болып – техника ғылымдарының кандидаты, доцент Қ.Ж.Әмірханов  бекітілді.

1995 ж. – Қазақстан Республикасының білім Министрлігінің 1995 жылғы 1 желтоқсандағы №304 бұйрығына сәйкес Семей ет және сүт өнеркәсібінің технологиялық институты «Семей» мемлекеттік университетінің құрамына кірді. Жоғарғы оқу орынының дамуында осы жылдар жаңа жолды таңдаудағы маңызды кезең болды.
           1999 ж. – Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1436 22.09.1999 ж. қаулысына сәйкес мемлекеттік университетінің атауы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті болып өзгертілді. 1999 жылы «Семей» мемлекеттік университетінің инженерлік-технологиялық және қолданбалы биотехнология факультеттері базасында, 1000 студенттен артық, университеттегі ірі факультеттердің бірі болып саналатын инженерлік-технологиялық факультет құрылды.

2000 ж. – 2000 жылы Ет және сүт өнеркәсібі Ғылыми-зерттеу институты және Химиялық-экологиялық мәселелерді шешу Ғылыми-зерттеу институты ашылды. 2000 жылы факультет магистратура мамандықтарын оқыту бойынша
лицензия алды: «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы», «Технологиялық машиналар мен жабдықтар», «Биотехнология», «Химия», «Машина жасау», «Техникалық физика», «Жылуэнергетикасы».

2002 ж. – 2002 жылы Қазақстан Республикасының тамақ өнеркәсібі бойынша магистранттардың ағашқы түлектері шығарылды. 2002 жылы қаңтар айында ҚР ВАК Коллегиясының шешімі негізінде техника ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертациялық жұмысты қорғауға 05.18.04 – Ет, сүт, балық өнімдерінің және тоңазыту өндірісінің технологиясы және 05.18.12 – Тамақ өндірісінің процестері мен аппараттары (бұйрық №46-1ж, 01.02.2002 ж.)  мамандықтары бойынша БД 14.50.13 біріктірілген диссертациялық кеңес ашылды. Кеңес төрағасы – техника ғылымдарының докторы, профессор С.Н.Түменов, төраға орынбасары – техника ғылымдарының докторы, профессор Е.Т.Төлеуов, ғылыми хатшы – техника ғылымдарының докторы, профессор Н.Б.Гаврилова болып бекітілді. Кеңес құрамында Қазақстан және Ресей ғалымдары болды.
             2004 ж. – 2004 жылы факультетте кредиттік технлогия бойынша оқытуды еңгізу басталды. Осы жылы «Техникалық физика және жылуэнергетикасы» кафедрасы Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығының филилы болды (Курчатов қаласы).
           2005 ж. – 2005 жылы факультетте сапа менеджмент жүйесі сертификацияланды және енгізілді.

2006 ж. – 2006 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемелекеттік университетінің инженерлік-технологиялық факультеті жоғары оқу орнын кешенді бағалау бойынша Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің комиссиясы өткізген кезекті мемлекеттік аттестациядан өтіп, Қазақстандық жоғары мектептердің ішінде көшбасшы екенін тағы да бір мәрте дәлелдеді.

2008 ж. – 2008 жылдан 2010 жылға дейін 05.18.04 – Ет, сүт, балық өнімдерінің және тоңазыту өндірісінің технологиясы, 05.18.12 – Тамақ өндірісінің процестері мен аппараттары мамандықтары бойынша кандидаттық және докторлық диссертацияларды қорғау бойынша БД 14.50.13 біріктірілген диссертациялық кеңестің өкілеттілігіне шектеу мерзімі қойылды. 1993 жылдан 2010 жылға дейін жұмыс жасаған диссертациялық кеңес отырысында 70-тен астам докторлық және кандидаттық диссертациялар қорғалды. Олардың көпшілігі осы кезде ғылым мен
оқытушулық міндеттерін ойдағыдай атқаруда. Диссертациялық кеңес құрамында Қазақстан мен Ресейдің –  Астана, Алматы, Павлодар, Рудный, Мәскеу, Омск, Кемерово, Барнаул қалаларының жетекші ғалымдары жемісті қызмет етті.Осылай институт тарихы өз жалғасын бүгіндері табуда.

2009 ж. – 2009 жылы инженерлік-технологиялық факультет SGS Швейцарлық компаниясында ISO 9001: 2008 стандарт талаптарына сай сертификатталған екінші аудиттан сәтті өтті.

2010 ж. – 2010 жылы факультет ҚР ғылым және білім Министрлігінің Ұлттық аккредитациялық орталығында Ұлттық аккредитациядан өтті. 2010 жылы екі білім беру бағдарламасы 5В072700 – «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» және 5В072400 – «Технологиялық машиналар мен жабдықтар» бойынша инженерлік бейіндегі Ресей инженерлік білім беру Ассоциациясынан (РИБА) халықаралық аккредитациядан сәтті өтті. 2010 жылы факультет «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» және «Технологиялық машиналар мен жабдықтар» мамандықтары бойынша PhD докторантураға лицензия алды.
         2012 ж. – 2012 жылы инженерлік бейіндегі 6 мамандыққа қашықтан оқыту технологиясы (ДОТ) енгізілді: «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы», «Стандарттау, метрология және сертификаттау», «Құрылыс», «Машинажасау», «Жылуэнергетикасы», «Технологиялық машиналар мен жабдықтар». 2012 жылы факультет «Тамақ қауіпсіздігі» мамандығы бойынша магистратураға, «Техникалық физика» мамандығы бойынша PhD докторантураға лицензия алды.2012 жылдан бастап факультетте Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігі және ауылшаруашылық Министрлігі қаржыландыратын, сомасы 67,2 млн. тенгені құрайтын 6 гранттық ғылыми-зерттеу жұмыстары орындалуда. Сомасы  1 млн. теңгені құрайтын ҒЗЖ орындауға ҚР Ұлттық ядролық орталығымен келісімшарт (№ 1 16.02.2012ж.) жасалған.

2013 ж. – 2013 жылдың сәуір айында инженерлік-технологиялық факультеттің студенттері, магистранттары мен оқытушылары Университеттің көркемөнерпаздар байқауына белсене ат салысты. Байқау нәтижесі бойынша факультет бас жүлдені жеңіп алды.Факультет студенттерiнің жастар командасы Шәкәрiм атындағы СМУ–нің шеңберiнде өткен XVI спартакиадада суда жүзуi бойынша өткен жарыстарда 1 орынды иеленді. Оқу-әдістемелік, ғылыми және қоғамдық жұмыстарға, ғылыми жобаларды орындауға белсене қатысқаны үшін, инженерлік-технологиялық факультеті «Үздік факультет – 2012» номинациясы бойынша ректор дипломына лайық деп танылды.
2013 жылдың 31 мамыр күні Абай атындағы облыстық драма театрында Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті инженерлік-технологиялық факультетінде (бұрынғы Семей ет және сүт өнеркәсібінің технологиялық институты) тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібіне инженер-мамандар дайындаудың 50 жылдығына арналған «Қазақстанның тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі: қазіргі жағдайы мен даму болашағы» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Осы салтанатты іс-шара кәсіпорындардың жетекші мамандары мен атақты факультет түлектерінің басын қосты. Аталған институттың игі дәстүрлерін қазір Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің инженерлік-технологиялық факультетінің ұжымы жалғастырып келеді.

Оқу-әдістемелік, ғылыми және қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысқаны үшін инженерлік-технологиялық факультеті “Үздік факультет — 2012” номинациясы бойынша университет ректорының дипломына ие болды.

2013 жылдың 31 мамырында Абай атындағы облыстық драма театрында “Қазақстанның тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі” атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті: ол “Тағам қауіпсіздігі” саласының жетекші мамандары мен атақты түлектерін жинады.

2014 жылы университет аясында өткізілген байқау нәтижесінде ұжым “Үздік факультет” атағына ие болды.

Үлкен ғылыми мектебі бар қызметкерлер мен білім алушылар ғылыми зерттеулермен белсенді айналысады. Университет ғылымының дамуына факультет ғалымдары үлкен үлес қосты, олар үш жыл бойы (2014-2016 ж.ж.) профессор Қ. Б. Мырзағұлова, Қ. Ж. Әмірханов, А. Л. Қасенов, А. К. Какимов, 2017 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ғалымдар А. Л. Қасенов және Ж. С. Қасымованың жетекшілігімен ҚР БҒМ қаржыландырылған гранттарына ие болды.

2016 жылы факультет “Жаһандық конференция жағдайында өндірістің тиімділігін арттыру үшін инновациялық тәсілдер мен технологиялар” атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізді. АСХН, т. ғ. д., проф. Е. Т. Төлеуов және 2017 жылы техника ғылымдарының докторы, профессор К. Ж. Әмірхановтың 60 жылдығына арналған “Жаһандану жағдайында Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері” атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Факультетте ҚР БжҒМ және ғылым саласындағы бақылау комитеті Төрағасының 2018 жылғы 29 желтоқсан күнгі бұйырығымен бекітілген 4 диссертациялық кеңестер жұмыс атқарады: 6D072700 Азық – түлік өнімдерінің технологиясы (сала бойынша); 6D073500 Тағам қауіпсіздігі; 6D072400 Техникалық машиналар және жабдықтар (сала бойынша); 6D072300 – Техникалық физика.

2014 жылдан бастап 2019 жылға дейін оқу-әдістемелік және ғылыми-теориялық мәселелер саласында жеткен жетістіктері үшін 11 оқытушы “ЖОО үздік оқытушысы” грантының иегері атанды. Соңғы бес жыл ішінде факультеттің 10 қызметкері ғылыми Мемлекеттік стипендияға ие болды.

2018-2019 жылдар аралығында ҚР Президенті-Елбасы қорының шәкіртақысына 2 студент ие болды. Соңғы 5 жылда 20-дан астам студент Президенттік стипендия иегері атанды.

Жоғары білікті мамандарды дайындауға қосқан үлесі үшін 7 оқытушы “ҚР БҒМ Білім беру ісінің құрметті қызметкері” және “Ұлағатты ұстаз”атағымен марапатталды.

 

Семей ет және сүт өнеркәсібі технологиялық институтының әр жылдары басқарған ректорлар:

1963-1980 жж. –  Талалаев Владимир Дмитриевич (1925-2005 жж.), тарих ғылымдарының кандидаты, «Тарих» кафедрасының доценті.

1980-1986 жж. – Рахыжанов Орынғазы Рахыжанұлы Семей облысы, профессор

1986-1990 ж.ж. – Воробьев Владимир Иванович, биология ғылымдарының докторы, профессор

1990-1996 жж. – Апсалямов Нәдірбек Апсалямұлы, экономика ғылымдарының докторы, профессор

Инженерлі-технологиялық факультетінің миссиясы: қазіргі заманғы еңбек нарығының талаптарын қанағаттандыратын  және кәсіптік қызметтің әртүрлі салаларында жоғары бейімделгіштігіне ие болатын халықаралық стандарттар деңгейіндегі инженерлік және ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындау.

  1. Факультеттің ПОҚ-ның «Үздік оқытушы-2019 жыл» атағын алу – 1 оқытушы.
  2. Факультеттің ПОҚ-ның дәрежелілігін жоғарылату, факультеттен жылына кемінде 2 адам.
  3. Импакт-факторы жоғары шет ел журналдарында ПОҚ-ының 2 мақаласын жариялау.
  4. Факультеттің студенттерін ҚР, жақын және алыс шетел оқу орындарында академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқыту – 4 студент.
  5. ҚР БҒМ қаржыландырылатын ҒЗЖ-ның сайыстарына факультеттің ПОҚ-ның қатысуы.
  6. Факультет мамандықтары бойынша жұмыспен қамтылуы кемінде 88%.
  7. Студенттік жастарды факультет және университет іс-шараларға қатысуын 60% -дық деңгейде арттыру.