Кафедры меңгерушісі: Какимова Жайнагуль Хасеновна
БАЙЛАНЫСТАР

Телефон: +7 (7222) 35-05-90
Ішкі телефон (ip): 2028
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы 071400, Cемей қаласы, 100-лет казахстанскому футболу, 5а.
E-mail: kaf.standart@semgu.kz

1964 жылы қыркүйек айында Семей қаласында жеңіл және тамақ өнеркәсібінің Джамбул технологиялық институтының тағамдық факультеті ашылды. Жаңа оқу орнына Чимкент технологиялық институтының бесінші курс студенттері жіберілді: 13 адам – сүт өнеркәсібінің технологиясы мамандығы бойынша және 18 студент – ет өнеркәсібінің технологиясы мамандығы бойынша. Арнайы пәндерді оқыту үшін арнайы пәндер кафедрасы құрылды, оны доцент К.И.Бабич басқарды.

1964 жылдың 25 қыркүйек айында кафедраға сүт технологиясының алғашқы маманы Элеонора Петровна Шалапугина қабылданды. Осы сәттен бастап «Сүт және сүт өнімдерінің технологиясы» кафедрасы құрыла бастайды.

1965 жылдың қыркүйек айында Білім министрінің бұйрығымен 39 жастағы ветеринария ғылымдарының докторы, профессор Ульянов Сергей Дмитриевич арнайы кафедраның бірінші меңгерушісі болып тағайындалды. Семей қаласына С.Д. Ульяновпен бірге Алик Фазылұлы Еникеев, Аликулов Ғани Ергешұлы және Миранов Виктор Леонидович оқытушылар ауыстырылды.

1966 жылы оқытушы Шиляев Виктор Владимирович кафедраға қабылданды, ал 1967 жылы оқытушылар Умаров Жеңіс Умарұлы және Недостоев Петр Демьянович. 1969 жылы кафедра құрамын оқытушы Алимарданова Мария Калабаевна толықтырды.

Келесі онжылдық (1970 – 1980 ж) өте жемісті болды. Профессор С.Д. Ульяновтың жетекшілігімен кафедрада аспирантура ашылды, оны әр жылдары кафедра қызметкерлері Умаров Ж.У.,  Алимарданова М.К., Каблова Л.И., Шмидт Р.Ф., Ахметов С.А. , Штульбой В. Б., Недостоев П.Д., Кенжебеков П.К., Кундызбаев Д.К. және басқалар оқып бітірді.

Аспирантураның соңында келесі оқытушылар диссертацияларын сәтті қорғады: Кенжебеков П.К. (1973 ж.), Гаврилова Н. Б. және Алимарданова М.К. (1976), Недостоев П.Д. және Умаров Ж.У. (1977).

Кафедра кәсіпорындармен және ғылыми-зерттеу ұйымдармен байланыс орнатты. Семей және Шығыс Қазақстан облыстарындағы кәсіпорындардың тапсырысы бойынша мердігерлік жұмыстар орындалды. «Квантор» ақпараттық-іздеу жүйесіне «тіл» құрылды, Кемерово ғылыми-техникалық ақпарат орталығымен бірлесе отырып «Сүт өнеркәсібіне арналған тезаурус» жасалды.

1995 жылы «Сүт және сүт өнімдерінің технологиясы» кафедрасында «Биотехнология» мамандығы ашылды.

1998 жылы екі кафедра біріктіріліп, «Сүт технологиясы, стандарттау және сертификаттау» кафедрасы құрылды, оны доцент Сатиева Бану Гусмановна басқарды. 2004 жылы мамандықтар жіктеуішінің өзгеруіне байланысты кафедра «Стандарттау және биотехнология» кафедрасы болып аталды, оны  Овсянникова Вера Анатольевна басқарды.

Кафедра үш білім беру бағдарламасы бойынша бакалаврлар мен магистрлерді даярлайды. Бакалаврлар мен магистранттарды дайындығын 14 оқытушы жүргізеді, оның ішінде 1 ғылым докторы, 6 ғылым кандидаты, доценттер. Оқу-қосалқы құрамы – 3 адам, барлығы жоғары білімі және практикалық жұмыс тәжірибесі бар.

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағыттарының дайындау кадрларының жаңа жіктеушісінің бекітілуіне байланысты және 6В05102 / 7М05102 – Биотехнология, 6В05101 / 7М05101 – Биология оқу бағдарламаларын «Биологиялық және сабақтас ғылымдар» дайындау бағытының тобына еңгізу,  2019 жылы 6В05101 / 7М05101 – Биология мамандығы «Стандарттау және биотехнология» кафедрасына ауыстырылды, ал  кафедра «Биотехнология және стандарттау» кафедрасы болып аталды.

2016 жылдан бастап кафедрада «Тағамдық биотехнология орталығы» жұмыс істейді, оның құрамына 4 зертхана кіреді: Тамақ өнімдерінің микробиологиясы, Тағамдық биотехнология зертханасы, Биопрепараттар зертханасы, Тамақ өнімдеріне сараптама зертханасы.

2005 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Биотехнология және стандарттау» кафедрасын т.ғ.к. Какимова Ж.Х. басқарады.

Кафедра меңгерушісі Какимова Жайнагүл Хасенқызы «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің құрметті қызметкері» атағы, «Университеттің үздік оқытушысы – 2012» атағы берілді.

2014 жылы кафедра меңгерушісі Какимова Жайнагүл Хасенқызы Кремний алқабында инкубация және акселерация бағдарламасы бойынша тәжірибеден өтті.

Какимова Ж.Х. тамақ және өңдеу өнеркәсібі саласындағы инновациялық және инвестициялық жобалардың сарапшысы.

Биотехнология, стандартизация және сертификация саласында жоғарғы кәсіптік біліктілікті, терең теориялық және практикалық білімділікке, ептілікке және дағдыларға ие бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау.

Кәсіби және техникалық білім беру рөлі прогресс жолы бойынша қоғамның жылжу шамасы бойынша өседі. Бастапқы ретінде арнайы кәсіби құзыретке ие мамандарды дайындау алға қойылады.

Кафедраны мақсаты тағам саласы бойынша биотехнология, стандартизация және сертификация  облысында жоғары білікті және бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау болып табылады.