Біліктілігі –Органикалық заттардың химиялық технологиябакалавры ;
Оқу мерзімі – 4 жыл ;
Кәсіби қызметінің саласы:
Бiтiрушiлерді мұнайөңдеу, мұнайхимия, полимерлердi өңдеу, геология, гидрогеология, тау-кен өндірістерінде, білім және ғылым салаларында, т.б. қолдануға болады.
Кәсіби қызметінің объектілері:
Бiтiрушiлердің кәсіптік қызмет объектісі органикалық заттар өндірісі, мұнай, газ, көмір және полимерлерді, эластомерлерді, лак-бояу материалдарын, сұйық және қатты ракета отындарын өңдеу, көмірсутекті шикі заттарды дайындау, өндіру және тасымалдау мен оларды тиімді пайдалану, ғылыми-зерттеу және салалық жобалау институттары, орташа техникалық оқу орындары, қорғаныс кәсiпорындары, тау-кен өнеркәсіп салалары бола алады.