Кафедры меңгерушісі: Мұқанова Қаршыға Қайроллақызы
БАЙЛАНЫСТАР

Телефон: +7 (7222) 87470631069
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы 071400, Cемей қаласы, Глинки көшесі 20 А, 510 кабинет

Семей мемлекеттік педагогикалық институтының құрылымындағы негізгі буындардың бірі ретінде қазақ тілі  мен әдебиеті кафедрасы 1939 жылы ашылған. Кафедра қазақ тілі мен әдебиеті мамандарын    Семей қаласында мұғалімдер институтының құрылған уақытынан   бастап дайындап келеді.

Кафедраның тұңғыш меңгерушісі (1939-1941) – қазақтың Абай атындағы мемлекеттік педагогикалық институтының түлегі – Рахым Барлыбаев.   Қазақ тіліндегі саяси-әлеуметтік лексика бойынша кандидаттық диссертация қорғаған. Кафедраның келесі басқарушысы –   Қазақстанның және КСРО  білім беру ісінің үздігі, Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері Жұмағали Шәкенов.  Қазақ тіліндегі сын есім категориясы бойынша кандидаттық диссертация қорғаған, доцент.

1978 жылдан 2008 жылдар аралығында   кафедраны   филология ғылымының кандидаты, профессор, ҚР және КСРО білім беру ісінің үздігі Қинаят Шаяхметұлы басқарды. 2008 жылдан кафедра меңгерушісі – филология ғылымының кандидаты, доцент Бибеков Қаныш, 2014 жылдың қыркүйегінен бастап кафедраны п.ғ.к., доцент Мұқанова Қаршыға Қайроллақызы басқаруда.

Кафедрада дайындалатын мамандықтардың білім бағдарламасын жүзеге асырушы ПОҚ толық қалыптасқан. Кафедра профессор-оқытушылық құрамының ғылыми дәрежесі 100% құрайды. 3 ғылым докторы, 17 ғылым кандидаты қызмет көрсетеді. Кафедра құрамының мұндай сипатының алғышарты әуелден орныққан. Бұрынғы жылдарда осында тәлімі зор, тағлымы мол, өнегесі өлшеусіз, үлгісі үзіліссіз нағыз асыл адамдар еңбек етіп, мектеп қалыптастырды. Олар:   Рахым Барлыбаев,  Жұмағали Шәкенов, белгілі абайтанушы, академик Қайым Мұхамедханов, түркітанушы-ғалым Асан Ісләмов,    филология ғылымының кандидаты  Тұрсынбай Ерғалиев, ф.ғ.д., профессор Қ.П.Жүсіп,  профессор Қинаят Шаяхметұлы. Бүгінгі таңда осы  қалыптасқан мектепті жалғастырушы  филология ғылымдарының докторы, профессор Арап Еспенбетов,  филология ғылымының кандидаты, доцент Фарида Жақсыбаева, профессор А.О.Тоқсамбаева    сияқты ғалымдарды атап өтуге болады.

б) Кафедра дайындайтын Білім бағдарламалары

Мамандарды даярлау келесі білім бағдарламалары бойынша жүзеге асады:
Бакалавр   бойынша:

  1. 5В020500/6В02303  “Филология”
  2. 5В011700/ 6В01701   «Қазақ тілі мен әдебиеті»
  3. 5B012100/ 6В01703  “Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті”

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім бойынша:
Магистратура
6М020500/7М 02301  “Филология”

6М011700/7М01701  «Қазақ тілі мен әдебиеті»

Қазақстан Респуликасының ел басқару ісінен бастап, қоғамдық өмірдің барлық салаларында мемлекеттік тілге деген сұраныс артып тұрған кезеңге лайықты кәсіби біліктілігі жоғары филолог маман мен бұқаралық ақпарат құралдарында шығармашылық тұлға ретінде әлеуметтік мәселелерге тенденциясын білдіруде бәсекелестікке қабілетті тіл және әдебиет мамандарын дайындап шығару.

  1. 2007 жылғы 27 шілдедегі №319-III ҚРЗ Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы;
  2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 15 мамырдағы № 499 Қаулысымен бекітілген «Жоғары кәсіптік білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын жоғары білім беру ұйымдары қызметінің үлгі ережесі»;
  3. «Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Жарғысы. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің 2013 жылғы 12 шілдедегі №531 бұйрығымен бекітілген;
  4. Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің сапа саласындағы Саясаты;
  5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті жоғары білім беру стандарты»;
  6. Жоғары оқу орындарындағы білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттаудың үлгі ережесі. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 16 наурызындағы №94 бұйрығымен бекітілген;
  7. Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру ережесі. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2014 жылғы 4 маусымдағы № 198 бұйрығымен бекітілген;
  8. Оқу жұмысы мәселелері жөніндегі университет бойынша бұйрықтар мен өкімдер;

Білім, ғылым және инновация интеграциясы арқылы бәсекеге қабілетті, қазақ тілі және әдебиеті салаларындағы іргелі арнайы құзыреттіліктерді және оларды оқытудың әдістемесін білетін, білім беру, әдістемелік, зерттеушілік және әлеуметтік-коммуникативтік қызметтерді жүзеге асыруға қабілетті филологтарды даярлау

    1. D060 «Филология» мамандығын ашуға лицензия алу үшін құжаттар дайындап, ұсыну.
    1. Білімалушылардың білім сапасын 95%-дан, үлгерім сапасын 90%-дан  түсірмеу.
    2.  Импакт-факторлы журналға ғылыми мақала  жариялау – 3 мақала.
    3. ККСОН тізіміне енген журналға ғылыми мақала жариялау – 6 мақала
    4. Қала мен облыстың мектептерінде оқушыларының ғылыми жобаларына жетекшілік етіп, кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізу.
    5. Қоғамдық-саяси белсенділікке, азаматтық жағынан жетілуге, болашақ мамандардың патриоттылығы мен интернационалдығын қалыптастыруға бағытталған тәрбие үрдісін ұйымдастыру.
    1. ПОҚ халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларға, семинарларға қатысуын 100%-дан, студенттердің қатысуын 80%-дан түсірмеу.
    2. Студенттердің академиялық ұтқырлықпен басқа оқу орындарынан білім алуын  жандандыру.