Кафедры меңгерушісі: Жундибаева Арай Канапияқызы
БАЙЛАНЫСТАР

Телефон: +7 (7222) 31-78-23
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы 071400, Cемей қаласы, Глинка көш. 20а, кабинет 513
E-mail: kazlitsemgu@mail.ru

Қазақ әдебиеті кафедрасы 1939 жылы Семей мемлекеттік педагогикалық институтының құрылымында  ашылған.

Қазақ тілі мен әдебиеті мамандарын дайындауда алғашқы ұстаздар ретінде Семейге арнайы келген белгілі ақын, жазушы Сәбит Дөнентаев пен Сәбит Мұқановтардың еңбектерін ерекше атауға болады.

1973-1977 жж. кафедраны ф.ғ.д, профессор  Қ.Жүсіпов басқарса,  1978-2004 жж. кафедраға   профессор Қ.Шаяхметұлы жетекшілік етті.

1992- 1996 жж.  қазақ әдебиеті екі іргелі кафедра ретінде қызмет етіп,    «Қазақ әдебиеті тарихы» кафедрасын ф.ғ.д., профессор  А.С.Еспенбетов,  «Қазіргі қазақ әдебиеті»  кафедрасын ф.ғ.д., профессор Қ. П.Жүсіп басқарған.

2004-2006жж. қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі ф.ғ.к., доцент Т.Қ.Шаңбай, ал 2006-2016жж. ф.ғ.к. А.С.Ақтанова болды.

Қазақ әдебиеті кафедрасы Шәкәрім университеті филология факультетінің құрамындағы іргелі кафедралардың бірі.

2016 жылдан бері қазақ әдебиеті кафедрасын философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор, белгілі әдебиеттанушы, аудармашы ғалым Арай Қанапияқызы Жундибаева басқарып отыр.