“Факультеттің Ең үздік әдістемелік нұсқауы” байқауы өтті

Пресс-служба     12 Nov,2019        

Шәкәрім университетінің инженерлік-технологиялар факультетінде жас оқытушылар арасында “Факультеттің Ең үздік әдістемелік нұсқауы” байқауы бойынша оқу-әдістемелік бюросының жұмысы өтті.

“Тамақ және қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы” кафедрасының оқытушысы Майжанова Айгүл 3 курс студенттеріне «Ғылыми зерттеу негіздері» әдістемесі аясында «Ғылыми зерттеу туралы есептерді дайындау және рәсімдеу» тақырыбында тәжірибелік сабақ өткізді.
Сондай-ақ, «Тамақ және қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы» кафедрасының оқытушысы Жакупова Шұғыла «Сүт өндірістерінің технологияларының негіздері» әдістемесі аясында 2 курс студенттеріне «Ірімшік өндіру технологиясы» тақырыбында ашық зертханалық сабақ өткізді.
Сонымен қатар, «Тамақ және қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы» кафедрасының аға оқытушысы Гүлістан Дисюпова Көркем тоқыма және кесте» әдістемесі аясында «Кестені тігуді үйрену» тақырыбында 4 курс студенттеріне ашық тәжірибелік сабақ өткізді.

“Факультеттің Ең үздік әдістемелік нұсқауы” байқауында сабақтар жоғары теориялық-әдіснамалық деңгейде өткізілді, студенттер сабақ тақырыбына қатысты қызықтыратын сұрақтарын қойды және де жас оқытушылар тәжірибе алмасып, өз сабақтарының артықшылықтары мен кемшіліктерін талдау мүмкіндігіне ие болды.
Байқаудың жеңімпазы “тамақ және қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы” кафедрасының оқытушысы, магистр ЖАКУПБЕКОВА Шұғыла Қадырқызы болды.

Факультет деканы Амиржан Қасенов 2019-2020 оқу жылының 2-ші жартысында 5 жылдан астам жұмыс өтілі бар факультеттің аға оқытушылары арасында конкурс ұйымдастыруды ұсынды.