Филология ғылымдарының докторы Арап Сләмұлымен кездесу өтті

Пресс-служба     04 Nov,2019        

Шәкәрім университеті студиясында Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған декада аясында жоғары Агротехникалық колледжінің студенттері Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымдарының докторы Арап Сләмұлымен кездесу өткізді.

Абайды тану, бағалау, насихаттау, оқыту-қоғамдық ой-санада тың серпілістер туғызу мақсатында өткен кездесуде студенттер белгілі ғалыммен сұхбаттасып, тың деректер алды. Абай мұрасы, тағылымның өміршеңдігі, абайтану кезеңдері, ақынның феномені, ізін жалғап, соңынан ерген ұлы ақынның шәкірттері мен ұрпақтары жайында бірқатар құнды деректерге қанықты. Ақын Абай мұрасы-халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазына, қазақтың бойтұмары болып қалмақ.
Осындай рухани кештен сусындаған жастар ерекше әсерлерімен бөлісті.
«Бізге рухани шабыт берген кездесу болды. Кездесуден ұлы ақын туралы тың деректер алдық. Шара жалғасын тапса деген ниетіміз бар» дейді қатысушылар