Форум қонақтары көшет отырғызды

Пресс-служба     29 May,2019        

27 мамыр күні Шәкәрім университеті «Дидактикалық көпір: Еуропа – Азия» форумының қонақтарымен қаламыздың «Бейбітшілік» аралында көшет отырғызды. «Семей орманы» мемлекеттік орман резерваты қолдау көрсеткен шарада қонақтар өздері көшет отырғызуға қатысып, ағаштарына аты – жөндері жазылған тақтайша қойылды. Осылайша форум қонақтары қаламыздың өркендеуіне үлес қосып, «Бейбітшілік» аралымен танысты.