Форумның ашылу салтанаты өтті

Пресс-служба     26 May,2019        

26 мамыр күні Шәкәрім университетінде «Дидактикалық көпір: Еуропа – Азия» халықаралық білім форумының ашылу салтанаты өтті. Екі құрлықты жалғаған форумға Еуропа мен Азияның алдыңғы қатарлы университеттері қатысуда. Көтерілетін мәселелер Қазақстанның білім беру жүйесін дамыту  ғана емес, сонымен қатар заманауи технологияларды, бағдарламалар мен жобаларды интеграциялау үшін де үлкен маңызға ие.

Пленарлық отырыстың ашылуында ҚР Тұңғыш Президенті кітапханасының директоры Әмірхан Рахымжанов сөз сөйледі. Әмірхан Мұратпекұлы – Білім беруді дамытудағы Форумның маңызды екенін атап өтті.

Сонымен қатар қала әкімі Ермак Сәлімов пленарлық отырыстың ашылуына қатысып, қатысушыларды құттықтады. «Еуропа мен Азия жоғарғы оқу орындарының арасындағы ынтымақтастықтың маңызды екенін атап өту керек» дейді қала басшысы.

Форумға Лешно қаласының Ян Амос Коменский атындағы мемлекеттік жоғары кәсіптік білім беру мектебі(Польша), Кьюнгдонг университеті (Оңтүстік Корея), Шэньчжень университеті (Қытай), Дүниежүзілік ислам ғылым академиясы (Иордания), Экономика және менеджмент бойынша швейцариялық қолданбалы ғылымдар мектебі (Швейцария), және Еуразия ұлттық университеті қатысуда.

Шәкәрім университеті форум қатысушыларына үш бірегей жобаны ұсынды:

– машина жасау бағдарламасы;

– ядролық медицина мен ядролық қауіпсіздік саласындағы тәжірибе.

– ауыл шаруашылығы, ормандарды қорғауды, экологияны дамытудағы тәжірибе.

Форум күндері ұйымдастырушыларға мәдени-шығармашылық бағдарламалар дайындалды.