Футболдан балалар арасында турнир өтті

Пресс-служба     01 Nov,2019        

Шәкәрім университетінде университеттің 85 жылдық мерейтойына орай футболдан балалар арасында турнир өтті.  Жарысқа Павлодар, Екібастұз, Семей қалаларының үздік командалары қатысты.

Доданың мақсаты – балалардың спортқа деген қызығушылығын арттырып, өзара қарым-қатынасын арттыру болды.

Қатысушылар жақсы физикалық, техникалық-тактикалық дайындықтарын және жеңіске деген жігерлерін көрсете алды.

60-қа жуық ойыншы қатысқан турнир екі күнге созылды.  Нәтижесінде қаламыздың ойыншылары жеңіс тұғырынан көрініп, 1-2 орындарды иеленді. Ал, 3 орынды Екібастұз қаласының командасы иеленсе, 4-ші орынға Павлодар ойыншылары тұрақтады.

«Спортқа деген қызығушылығы балалардың жеңіске деген ерекше талпынысынан  көрініп тұр. Еліміздің ертеңі болар осы келешек жастар. Спортпен айналысу, жарыстарға қатысу балалардың бәсекеге қабілетті болуына жол ашады» дейді ұйымдастырушылар.