Заңгер Ғайрат Сапарғалиев туралы не білеміз?

Пресс-служба     29 Apr,2020        

Біз көп жағдайда заңға баса назар аударғанымызбен, еңбек сіңірген заңгерлер туралы көп ести бермейміз.

Дегенмен өз саласының майталманы болуға асығатын болашақ заңгерлеріміз олар туралы ақпаратты сырт қалдырмайтыны анық.

Оған дәлел,экономика және құқық факультетінде онлайн форматта өткен дөңгелек-үстел.Шара Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі,заң ғылымдарының докторы, профессор Ғайрат Сапарғалиұлы Сапарғалиевтің 90 жылдық мерейтойына арналды.

Қатысушылар өз баяндамаларында мерейтой иесінің бай өмірбаянынан қызықты деректер келтірді. Егеменді Қазақстанның конституциялық құқығының қалыптасуы мен дамуы, конституциялық құқық теориясы мен мемлекеттік басқару бойынша оның атақты еңбектерінің мазмұнымен бөлісті. Сондай-ақ отандық заң ғылымына оның рөлі мен салмақты үлесін көрсете білді.