«GLOBALIZE YOURSELF» жазғы лагерінің ашылу салтанаты өтті

Пресс-служба     17 Jun,2019        

17 маусым күні Шәкәрім университетінің халықаралық факультетінде «GLOBALIZE YOURSELF» жазғы лагерінің ашылу салтанаты өтті. 17 маусым мен 20-шы тамыз аралығында өтетін жазғы лагерге университеттің халықаралық факультетіне тапсырған талапкерлер қатыса алады.  Талапкерлер екі ай бойы АҚШ-тан келген ағылшын тілі оқытушысы Мегуми Марута мырзамен, сонымен қатар халықаралық факультеттің шетелдік оқытушыларынан жазғы лагерде тегін білім ала алады.

Жазғы лагерде ағылшын тілі, халықаралық бизнес менеджмент, сондай-ақ зияткерлік ойындар мен конкурстар, спорттық ойындар, фестивальдар мен пикниктер күтіп тұр.

Халықаралық жазғы лагер- 2019 ашылу салтанатында ағылшын тілі оқытушысы Мегуми Марута талапкерлерді алда қызықты әрі пайдалы демалыс күтіп тұрғанын айтты.

Мегуми-қазіргі уақытта АҚШ-тың  West Liberty University  магистратурасын бітірді., және осы университеттің ағылшын тілінің ең жас оқытушысы.

Мегумидің халықаралық тәжірибесі 2011 жылдан басталды. Ол Бангладештегі Дхаки халықаралық мектебінде екі жыл оқып, халықаралық мектеп дипломын алды.

2013 жылы Мегуми бакалавриатта оқу үшін американдық West Liberty University университетіне түсті. Ол ағылшын тілі оқытушысы және жаһандық білім мен Спорт, Рекреация және Денсаулық атты екі дәрежеге ие болды.

Мегуми Вашингтонда Global Ties u. s. National Meeting 2018 кезінде барлық Штаттардан 12 өсіп келе жатқан көшбасшылар қатарына іріктелді.

Шара қонақтарына жазғы лагердің алғашқы тәттісі таратылып, салтанатты шара әрі қарай семинар-тренингпен жалғасты.