«ҒЫЛЫМ.БІЛІМ.ӨНЕР» шығармашылық көрмесі өтті

Пресс-служба     28 Oct,2019        

Шәкәрім университетінде университеттің 85 жылдыығы, Бейнелеу өнері және сызу кафедрасына 50 жыл толуына орай «ҒЫЛЫМ.БІЛІМ.ӨНЕР» шығармашылық көрмесі өтті.

Шара аясында «Ұлттық мінез: Ұлы дала бояуы» тақырыбында  оқытушылар мен студенттердің шығармашылық көрмесі және «Мектепте көркемдік пәндерді оқытудағы қазіргі заман талаптары: тәжірибе мәселелер және шешімдер» тақырыбында  дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Шараның мақсаты:

  • Елдің рухани және адамгершілік құндылықтарын, ұлттық мәдени дәстүрлерін насихаттау;
  • Көркемдік қарым-қатынасты нығайтуға ықпал ететін шығармашылық кеңістік құру;
  • Қолданбалы өнерге, тарихи танымдарға деген кең қоғамдық қызығушылықты арттыру;
  • Көркем дәстүрді, мәдени және рухани мұраны қолдау, дамыту болды.

Өнерді ерекше бағалайтын білім ордасының ұйымдастырған шығармашылық көрмесіне Семей қаласы әкімінің орынбасары Айдар Садырбаев арнайы қатысып, университетті және кафедраны мерейтойымен құттықтады.  Сонымен қатар бұрынғы көркем-графика факультетінің деканы қызметін атқарған,академик, профессор Ғарифолла Есім, Университеттің профессорлық-оқытушылар құрамы, кафедра түлектері, арнайы және жалпы орта білім беретін мектеп мұғалімдері және студенттер қатысты.

Сондай-ақ шара аясында кафедраның ардагер ұстазы Кирсанова Светлана Борисовнаға және Қазақстан Республикасының дизайнерлер одағының мүшесі. Кафедраның ардагер ұстазы, Татар өнер мектебінің бейнелеу және сәндік қолданбалы өнер пәнінің оқытушысы Масаева  Рая Айтмухамедовнаға университтетің ең жоғарғы марапаты «Шәкәрім медалі» табысталды.

Шарада кафедраның жас маманы Каримова Ақеркенің бейнелеу өнерінің заманауи технологиясы арқылы орындалған көркемдік қойылымы қойылды.

Оқытушылар мен студенттердің шығармашылық көрмесі келушілерге ерекше әсер қалдырып, студенттердің тәжірибелік кеңістігін кеңейтуге үлкен септігін тигізді.