Ғылым қарлығаштары – магистранттар

Пресс-служба     15 Jul,2019        

Шәкәрім университеті биыл да дәстүрлі түрде талабы таудай шәкірттерін алтын ұядан ұшыруда. Ғылым қарлығаштары – магистранттарға МАГИСТР дәрежесін растайтын дипломдары салтанатты түрде табысталды. Биылғы  жылы университетті 36 мамандық бойынша 229 магистрант тәмәмдап отыр. Олардың дені ғылым саласына өзіндік үлес қосып жүрген азаматтар.  «Білегімен емес білімімен мыңды жарған үздіктер еліміздің дамып, өркендеуіне зор үлес қосатынына сеніміміз мол» дейді оқытушылар.  Жоғарғы білімін жалғастырып магистрант атанған түлектерге ақ жол тілейміз!