Ғылым және мәдениет өкілдерімен кездесті

Пресс-служба     09 Oct,2019        

Бүгін Шәкәрім университетінде Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Нүсіпова Әсем Бекқызы Семей қаласының ғылым және мәдениет өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын жоғары деңгейде атап өту туралы сөз қозғалды. Басты мақсат – Абайдың көп қырлы философиялық және шығармашылық мұрасын ашу арқылы Қазақстанды әлемдік қауымдастықта, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды нығайтуға негізделген тәуелсіз көпұлтты мемлекет екенін көрсету. Негізгі тапсырма – халықтың тарихи санасын тереңдетуге, патриоттық тәрбие беруге және еліміздің рухани мәдениетін жаһандық форматта ілгерілетуге бағытталған Тәуелсіз Қазақстанның жаңа тарихының ірі оқиғаларының бірі болатын Абайдың 175 жылдығын жарқын, әсерлі, есте қаларлық етіп тойлауды ұйымдастыру. Кездесу барысында түрлі пікірлер айтылып, ұсыныстар да жасалды. Айтылған ұсыныстар мен тапсырмалар алдағы уақытта әлі де қаралатын болады.