Ғылыми-әдістемелік семинар өтті

Пресс-служба     05 Dec,2019        

Жаратылыстану-математика факультетінде «Жаратылыстану пәндері бойынша концептуалды картаны құрастыру әдістемесі» тақырыбында ғылыми-әдістемелік семинар өтті.

Жаратылыстану-ғылыми пәндер бойынша білім алушылардың танымдық әмбебап оқу іс-әркеттерін қалыптастыру үшін тұжырымдамалық карта әдісін қолданудың тиімділігін теориялық негіздеу және анықтау мақсатында өткен семинарға факультеттің профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылар қатысты.

“Химия пәні бойынша тұжырымдамалық картаны әзірлеу әдістемесі”, “Оқу үдерісіне психолингвистік әдістерді енгізумен жаратылыстану-ғылыми пәндерді оқыту”, “Биология пәні бойынша тұжырымдамалық картаны әзірлеу әдістемесі” тақырыптары қарастырылды.

Шара қорытындысы бойынша алдағы уақытта STEM білім беру жағдайында жаратылыстану-ғылыми пәндер бойынша мұғалімдерді дайындау үшін ғылыми-әдістемелік негіздерді әзірлеу бойынша одан арғы жұмыстарды жанданатын болады.