Онлайн ғылыми кеңес

Пресс-служба     18 Jun,2020        

Коммерциялық емес акционерлік қоғамның жарғысы негізінде ғылыми кеңес университеттің Жоғары Бас алқалы басқару органы болып табылады. Оның өкілеттігіне ағымдағы мәселелерді шешу кіреді. Осындай отырыстардың бірі онлайн ғылыми кеңес отырысы болды.

Ғылыми кеңесте 25 білім беру бағдарламасы бойынша мамандандырылған аккредиттеу қорытындысы және басқа білім беру бағдарламаларын аккредиттеу міндеттері қаралды.

Нәтижесінде, 25 білім беру бағдарламасын мамандандырылған аккредиттеу қорытындысы бойынша ескертулерге назар аударылып, оны жою бойынша жоспар әзірлеу тапсырылды. Сондай-ақ, факультет декандарына 23-26 маусым аралығында білім беру бағдарламаларын мамандандырылған аккредиттеуді өткізу мен дайындауға бақылау жасау тапсырылды.

Ғылыми кеңесте қаралған екінші сұрақ э.ғ.к Зейнулина Айгүл Жұмағалиқызына қауымдастырылған профессор атағын беру болды.

Ұсынылған құжаттар ғылыми атақ беру ережесінің талаптарына сәйкес келді. Дауыс беру қорытындысы бойынша бірауыздан ғылыми атақ беруге ұсынылды.