Ғылыми-практикалық семинар өтті

Пресс-служба     06 May,2019        

Шәкәрім университеті Инновациялық білім беру технологиялары орталығында Жаңартылған білім мазмұны аясында «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың өзекті мәселелері» тақырыбындағы ғылыми-тәжірибелік семинар өтті.

Семинарға қалалар мен аудандардың мектепке дейінгі мекеме және шағын-орталық қызметкерлеріні қатысты. Қатысушылар мектепке дейінгі тәрбиелеу мен  оқытудың мазмұны, сипаты, және оқытудың әдістері мен формалары, шешу жолдары туралы пікір алмасты. Сонымен қатар практикалық қызметте метафориялық ассоциативті карталарды қолдану техникаларымен, арт-терапияның негізгі бағыттарымен (изотерапия, глинотерапия, құм) танысуға мүмкіндік алды.

Семинар қатысушылары ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, ұсынылған жинақ жұмыс қорытындысы бойынша барлық педагогтарға, оқырмандарға, ата-аналарға пайдалы болатынын атап өтті.