ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға арналған конкурстың құжаттамасы

Пресс-служба     19 May,2020        

2020-2022 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға арналған конкурстың құжаттамасы қандай?

Бұл туралы “Жаратылыстану және инженерия” ғылыми кафедрасында өткен онлайн-семинарда кеңінен талқыланды.

Қатысушыларға-ғылыми жетекшіге және зерттеу тобына қойылатын талаптар, қандай құжаттар қажет екені, өтінім беру үдерісі түсіндірілді.

Сондай-ақ, биылғы жылы жаңа конкурстық құжаттамаға жеке серіктес туралы баған енгізіліп, ғылыми жетекшіге қойылар талап артқан.

Айта кетейік, осы ретте ҚР Білім және ғылым министрлігімен екі конкурс жарияланып отыр. Жобаны іске асыру мерзімі 12 және 27 ай.

Жоба жетекшісі және өтінім берушінің электрондық цифрлық қолымен расталған конкурстық өтінімдер БҒМ Ғылым комитетіне электрондық түрде «ҰМҒТСО» АҚ ақпараттық жүйесі https://is.ncste.kz сілтеме арқылы беріледі. Өтінімдерді қабылдау– 2020 жылғы 11 мамырдан басталды.
Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі – 2020 жылғы 26 маусымына (қоса алғанда) дейін.