Иорданияның жоғарғы оқу орындарымен келіссөздер жүргізілді

Пресс-служба     01 Jul,2019        

24-25 маусым күндері Шәкәрім университеті халықаралық факультетінің ВВА бағдарламасының үйлестірушісі, экономика ғылымдарының кандидаты Байльдинов Ерғали Темуржанұлы Иордания елінде болып қайтты. Қазақстан Республикасының Иорданиядағы елшілігінің арқасында посткеңестік мемлекеттерде, оның ішінде Қазақстанда, Өзбекстанда, Грузияда, Украинада жоғары білім алу үшін Иордан студенттерінің рекрутингімен айналысатын бизнес-қоғамдастықтың өкілдері мен және  жетекші Иордан жоғары оқу орындарының басшылығымен кездесті.

Иорданияның жоғары оқу орындарымен келіссөздердің қорытындысы бойынша:

  • Шетел филологиясы факультетінің студенттері, тарихшылар мен саясаттанушылар үшін, сондай-ақ кез келген ниет білдірушілер үшін қысқа мерзімді (3ай) араб тілі мен мәдениеті курстарын ұйымдастыру
  • ислам банкингі бойынша экономистер, менеджерлер мен қаржыгерлер үшін, ал заңгерлер мен саясаттанушылар үшін-халықаралық құқық бойынша бір жылдық немесе 2 жылдық дипломдық магистрлік бағдарлама ұйымдастыру;
  • өзара түсіністік туралы меморандум жасасу
  • оқытушылар мен студенттермен Еуропалық Одақ Эрасмус плюс бағдарламасы бойынша алмасу;
  • Скопус базасы журналдарындағы оқытушылардың бірлескен жарияланымдары туралы бірнеше ұсыныс тасталды.

Келіссөздер барысында бизнес-қауымдастық өкілдері Шәкәрім университетінің ректоры М. Ғ. Ескендіровпен кездесуге ниет білдірді.