«ІТ- Хакатон «Jastar Time -2019»

Пресс-служба     18 Apr,2019        

Шәкәрім университетінің ақпараттық коммуникациялық технологиялар факультетінің 2 курс студенттері Әділ Толықбай, Владислав Шумкин, Жанел Адылбеков облыстық «ІТ- Хакатон «Jastar Time -2019» сайысында бақ сынасты.

Кафедра оқытушысы Советқазы Қайсановтың жетекшілігімен университет намысын қорғаған студенттер сертификаттармен марапатталды.

Айта кетейік сайыс жеңімпаздары мамыр айында Өскемен қаласында өтетін 7 фестивальде белгілі болады.