Қабылдау комиссиясы жұмысын бастады

Пресс-служба     03 Jun,2019        

Шәкәрім университетінің қабылдау комиссиясы Қазақстан Республикасы жоғарғы оқу орындарына қабылдаудың типтік ережелеріне сәйкес талапкерлерді қабылдау жұмысын бастады. Қабылдау комиссиясы Шәкәрім кампусында(Глинки 20а) орналасқан.

Университетте талапкерлер үшін барлық жағдай жасалған. Құжаттарды қабылдау залы жұмыс істейді,техникалық хатшылардың жұмысы толығымен компьютерленген және “Талапкер” университетінің бірыңғай электрондық жүйесіне қосылған, халыққа қызмет көрсету орталығы  қағидаты бойынша талондық жүйе жұмыс істейді.

Мұнда талапкерлер Шәкәрім университетінің білім беру бағдарламалары бойынша толық ақпаратпен, жоғары оқу орындарына қабылдаудың типтік ережелері туралы, Мемлекеттік білім беру тапсырысы туралы мәліметтермен, шығармашылық емтихан бойынша бағалау критерийлерімен таныса алады.

Қабылдау комиссиясының кеңес беру қызметі ҚР жоғары оқу орындарына қабылдаудың жаңа ережелерін түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Университетке түсудің барлық сұрақтары бойынша 318779 телефоны арқылы хабарласуға болады.

Қабылдау комиссиясы күн сайын дүйсенбіден сенбіге дейін, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді.