Қалалық жыр мүшайрасы өтті

Пресс-служба     13 Dec,2019        

Шәкәрім университетінің Co-Working орталығында «Тәуелсіздік тұғырым» атты қалалық жыр мүшайрасы өтті.

Дулат Бабатайұлы атындағы ақындар мектебінің ұйымдастыруымен өткен жыр додасына қаламыздың жоғарғы оқу орындары мен колледждердің 16-25 жас аралығындағы жасы ақындар қатысты.

Тәуелсіздіктің 28 жылдығына және Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері  Әбіш Кекілбаевтың 80 жылдығына арналған мүшайрның жеңімпазы Шәкәрім университетінің 1 курс студенті Серіков Азамат болды.

Сондай-ақ, 2-3 орындарды Шәкәрім университетінің студенттері Асқарбеков Жақсылық пен Еженхан Талант иеленді. Құттықтаймыз!