Қаламызды көгалдандыруға қосқан үлесі үшін

Пресс-служба     24 Jun,2019        

Шәкәрім университеті Аграрлық факультетінің студенттері «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты Республикалық мемлекеттік мекемесі ұйымдастырған «Парктер шеруі» акциясының жабылу салтанатына қатысты. Еске сала кетсек студенттер сәуір айында акцияның ашылу салтанатына да белсенді қатысқан болатын. Акцияның басты мақсаты Семей аймағының биоалуантүрлігін сақтау және көбейту. Орман ресурстары және орман шаруашылығы мамандығының студенттері қаламызды көгалдандыруға қосқан үлесі үшін алғыс хаттармен марапатталды.