Қарттар күні аталып өтілді

Пресс-служба     01 Oct,2019        

Бүгін Шәкәрім университетінде қарттар күні аталып өтті. Шараның мақсаты университет ардагерлеріне мерекелік көңіл күй сыйлап,құрмет көрсету. 70-ке жуық ардагер шара қонағы болды. Оқу орнының құрылғанын бастап студенттерге білім беріп, бар ғұмырын оқытушылық жолға арнаған ардагерлеріміз естеліктерімен бөлісіп, қызықты оқиғаларын еске алды. «Шәкәрім университеті жыл сайын дәстүрлі түрде қарттар күнін атап өтеді. Бізді ұмытпай, осындай ұмытылмас күн сыйлағаны үшін алғысымызды білдіреміз» дейді риза болған қарияларымыз.