Қарттарым асыл қазынам!

Пресс-служба     02 Oct,2019        

Шәкәрім университеті Инженерлік факультет студенттері қарттар күніне орай қаламыздың егде тартқан тұрғындарына гүл шоқтарын сыйлады. Артынша қарттар үйіне жол тартқан студенттер жанары жәутеңдеген қариялардың барынша көңілін аулауға тырысты. Риза болған ата-әжелер жастарға алғыстарын жеткізіп, ақ батасын берді. “Мұндай шаралар өскелең ұрпаққа ата-ананың қадірін түсінуге септігін тигізеді” дейді факультет оқытушылары.