Кәсіби бағдар беру жұмыстары жүргізілді

Пресс-служба     03 May,2019        

3 мамыр күні Қазақ филологиясы факультетінің ұжымы М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығынын бітіруші түлектермен кездесіп, кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізіп қайтты.  Колледж түлектеріне жоғары оқу орнына қабылдау талаптары, биылғы жылы енгізілген өзгерістер туралы толық ақпарат берілді. Факультет деканы Қадыров Айбар Қабықенұлы, оқытушылар Мүрсәлімов Төлеуғазы Кәметайұлы, Каримова Бибігүл Жұмашқызы, Сағанаева Гүлнұр Бейсембайқызы және педагогикалық колледждің былтырғы түлегі, бүгінде Шәкәрім университетінің студенті атанған Еркінұлы Қуаныш факультет мамандықтары мен олардың ерекшеліктері, факультет мақтаныштары жайында қосымша мәліметтер ұсынды. Кездесу соңында оқытушылар колледж түлектерінің сұрақтарына жауап беріп, ақ жол тіледі.