Кәсіптік практика мәселелері, шешу жолдары және перспективалары

Пресс-служба     19 Apr,2019        

Сәуір айының 19 жұлдызында Шәкәрім университеті инженерлік-технологиялық факультетінің “Технологиялық жабдықтар және машина жасау” кафедрасында “Кәсіптік практика мәселелері, шешу жолдары және перспективалары” тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Кәсіпорындармен  байланысты нығайту, практика базаларын , келісім -шарттар перспективаларын шешу мақсатында мамандық бойынша жұмыс берушілер және практика өтетін кәсіпорындар басшылары қатысты. Атап айтсақ, Жангирбаев Қ.Т. – “Аяр” ұн тарту комбинаты ЖШС директорының орынбасары, Әкімов Ә.М. – “KondiZ” ЖШС директорының коммерциялық мәселелер жөніндегі орынбасары, Перебойнос В.А. – “ВКМКК” АҚ бас механик, Бозаев Б.Ғ. – “Казполиграф” ЖШС өндіріс директоры, Құрманов С.Қ. – “Құрман” ЖШС директоры, Молдабеков С.Қ. – “Шығыс-Астық” ЖШС директоры, Әбенов Қ.М. – “Альтеев” ЖК бас технологы.

Іс-шара аясында кәсіпорын басшыларымен практика бағыты бойынша бір қатар  мәселелер шешімін тапты.