Қазақ театр және кино өнерінің майталмандары Шәкәрім университетінде

Пресс-служба     24 Sep,2019        

23 қыркүйек күні Шәкәрім университетінде Асанәлі Әшімов – Көрнекті театр және кино актері, профессор, Қазақстанның театрлар ассоциациясының президенті және Меруерт Өтекешова – Кино және театр актері, «Қыз Жібек» кинофильмінің басты кейіпкерімен кездесу өтті.

 

Кездесу  университеттің 85 жылдық мерейтойына арналған «Шәкәрім университеті – ашық алаң» атты іс-шаралар циклінің жалғасы болды.  Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, кино және театр сахнасының алыбы Әмина Өмірзақованың туғанына 100 жыл толуына орай  «ТЕАТР. ТАЛАНТ. ТАҒЫЛЫМ» деп аталды.

Еркін сұхбат түрінде өткен кездесуде пленарлық баяндамалар да оқылды.

Кеш модераторы болған Шәкәрім университетінің ректоры Мейір Ескендіров Асанәлі Әшімовке Шәкәрім университетінің ең жоғарғы марапаты құрметті доктор атағын табыстады. Сондай-ақ Меруерт Өтекешоваға Шәкәрім университетінің құрметті марапаты Шәкәрім медалі табыс етілді.