Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігі өкілдерімен кездесу өтті

Пресс-служба     13 Jun,2019        

12 маусым күні Шәкәрім университетінің заңгер, саясаттану, ақпарат саласының түлектері Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігі өкілдерімен кездесті.

Шәкәрім университеті түлектерді жұмысқа орналастыру бойынша үлкен жұмыс атқаруда.  Талапкерлерді рекрутингілеу және түлектерді жұмысқа орналастыру орталығының ұйымдастыруымен өткен кездесуде түлектер көкейінде жүрген сұрақтарға жауап алды .

Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы академиясының ғылыми-педагогикалық магистратурасы мен докторантурасының бастығы, заң ғылымдарының кандидаты, полиция полковнигі Алдабергенов Азамат Тыныштықбайұлы ҚР ІІМ қатарында жұмысқа орналасу үшін қосымша білім беру бойынша түсініктеме берді. Ал, Семей қаласы полиция басқармасы Кадр саясаты бөлімінің кәсіби және идеологиялық даму бөлімінің бастығы, полиция капитаны Какимов Жасұлан Кәкімұлы ҚР ІІМ қатарына жұмысқа қабылдау ережелері туралы нақты айтып берді.

Қазақстан Республикасының ішкі істер министрлігі қатарында жұмыс істеуге қызығушылық танытқан жастар жұмыс істеуге ниетті екендіктерін білдірді.