ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮЗДІК СТУДЕНТІ-2020 атанды.

Пресс-служба     11 Jul,2020        

Гуманитарлық факультетінің студенті Дарын Құрбанов “Қазақстанның үздік студенті-202” атанды. Сондай-ақ, “Үздік студенттер академиясы” жобасына қатысып, академия мүшесі болды.

Дарынның биылғы жылғы жетістіктерінің қатарын “Қазақстан жастарының” Алтын кітабы” атты республикалық байқау толықтырды. Ол, бұл байқауда да жеңімпаз атанып, қатарластарының алды болды.

Жетекшісі Айгүл Хусаинованың жетекшілігімен топ жарып жүрген жас Дарын Қазақстан Республикасы жастарының “Алтын төсбелгісімен” және Білім, ғылым, спорт және мәдениетке қосқан үлесі үшін “Тәуелсіз мемлекеттер достастығының үздік студенті-2020” төсбелгісімен марапатталды.

Дарынға тек сәттілік тілейміз! Алар асуларың көп болсын!