“Кеудеңде соққан жүрегім” спектаклі өтті

Пресс-служба     04 Jun,2019        

Шәкәрім шаңырағында Дулат Бабатайұлы атындағы ақындар мектебінің биылғы жылға арналған қорытынды кеші болып өтті. Кештің ерекше көркін кіргізіп, осылайша өтуіне басты себеп ақындар мектебінің түлегі Тоқтақын Айдынның “Кеудеңде соққан жүрегім” атты спектаклі болды.  Көрерменнің ыстық ықыласы мен қошеметіне бөленген қойылым барша келген жанға өзгеше әсер етті. Ақтанова Айман Советқызы жетекшілік еткен спектакль көпшіліктің көңілінен шығып, жас актерлердің өнері жұртшылықты таңдандырды.  Кеш соңында спектакльге қатысқан актерлер мен режиссері Тоқтақын Айдынға алғыс хаттар табысталды.