Кіші футболдан факультетішілік ойын өтті

Пресс-служба     13 May,2019        

Аграрлық факультетінің кіші деканат құрамының ұйымдастыруымен 7 мамыр-Отан қорғаушылар күніне орай кіші футболдан факультетішілік ойын өтті. Сайысқа Ветеринариялық медицина кафедрасынан 3 команда ,
Ветеринариялық санитария кафедрасынан -1 команда ,
Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы және Аңшылықтану және аң шаруашылығы кафедрасынан-2 команда ,
Агрономия және орман ресурстары кафедрасынан-1 команда қатысты.
Тартысты ойында 1 орынды мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы мен Аңшылықтану және аң шаруашылығы кафедрасының 2 курс студенттерінен құралған “Рамазан” командасы жеңіп алса, 2 орынды Ветеринариялық медицина кафедрасының 3 курс студенттерінен құрылған команда , ал 3 орынды мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы мен аң шаруашылығы кафедрасының 3 курс студенттерінен құралған “Алаш” командасы иеленді. “Үздік ойыншы” атағын Нұртазаұлы Алихан жеңіп алды.

“Кіші футболдан кубок ойындары дәстүрлі түрде жыл сайын өткізіледі”,- дейді Аграрлық факультетінің кіші деканы  Еңлік Рымбекқызы.