«Кітап – ынтымақтастық пен келешек жолы»

Пресс-служба     17 Oct,2019        

Шәкәрім университетінде университеттің 85 жылдық мерейтойына арналған «Шәкәрім университеті – ашық алаң» іс-шаралар циклі аясында   «Кітап – ынтымақтастық пен келешек жолы» халықаралық  кітап көрме-жәрмеңкесі өтті.

Оқырман мәдениетін арттыру, кітап пен оқуды мәдени демалыс ретінде орналастыру, оқырман аудиториясын кеңейту мақсатында ұйымдастырылған көрмеге: “Фолиант” баспасы, Нұрсұлтан қ.

“Эверо” баспасы, Алматы қ.

“Академия-Медия “білім беру-баспа орталығы” ЖШС, Алматы қ.

“Атамұра” баспасы, Семей қаласындағы филиалы

«Книготорг» кітап дүкені, Семей қ.

“Марвин” кітап үйі, Семей қаласы

“Жәрдем” баспасы, Семей қаласы және тағы басқа кітап үйлерімен кітапханалар қатысты.

Көрме аясында : «Альманах» ЖШС баспа үйі шеберлік сыныбы; «Жәрдем» баспасы авторларымен шығармашылық кездесу; Ақын Жарасбай Құлмағамбетпен кездесу  ұйымдастырылды.

Сондай-ақ, Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейінің бастамасымен шығарылған  «Абайтану» оқулығының және Төлеу Көбдіков   «Атандым өз тұсымда Төлеу ақын» атты жаңа кітаптың тұсаукесері өтті.

Сонымен қатар . Қазақстан Жазушылар одағының Семей өңірлік филиалының ұйымдастыруымен «Өлең –сөздің патшасы» атты ақындар шеруі өтті.