Кітаптың тұсаукесері өтті

Пресс-служба     29 May,2019        

«Дидактикалық көпір: Еуропа- Азия» форумы аясында Шэньчжень университетінің «Белдеу-Жол» зерттеу институтының басшысы Phd профессор Тао Итаоның «Қытайдың ерекше экономикалық аймақтарын дамыту туралы» кітабының тұсаукесері өтті. Ол өз сөзінде Қытайдың ең табысты және үлгілі, ерекше экономикалық аймағы – Шэньчжень екенін атап өтті. Келушілерге кітаптың мазмұнын, ондағы маңызды мәселелер туралы баяндап берді. Одан әрі елімізде алғаш рет екі ел арасындағы қарым- қатынасты ныйғайту мақсатында BRRI-Shakarim ғылыми-зерттеу бөлімшесінің ашылу салтанаты өтті. Сонымен қатар Шэньчжэн университеті мен Шәкәрім университеті арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.