“Колледж кубогы-2019” турнирі  өтті

Пресс-служба     13 Dec,2019        

Шәкәрім университетінің Жоғары Агротехникалық колледжінің студенттері арасында футболдан  “Колледж кубогы-2019” турнирі  өтті.  Топтар арасында спортпен жүйелі түрде шұғылданып, денсаулықтарын нығайту мен салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған футбол жарысында  студенттер өзара бақ сынасты.

Нәтижесінде үздік деп танылған 11 команда арасынан “Алтай” командасы 1-орынды,

“Арлан” командасы 2-орынды,

“Тарлан” командасы 3-орынды жеңіп алды.

Сондай-ақ, денешынықтыру пәнінің оқытушысы Талғат Маратұлының ұйымдастыруымен өткен жарыста шеберлік танытып, ерекше көзге түскен  Бекенов Дамир “Үздік қорғаушы” аталымымен, Рустемов Дулат “Үздік шабуылшы” аталымымен, Қазбеков Ерсін “Үздік қақпашы” аталымымен марапатталды.