Командалық есепте 3 орынға ие болды

Пресс-служба     06 May,2019        

Шәкәрім университеті  Жеңіл атлетикадан жазғы универсиадада командалық есепте 3 орынға ие болды.

1-7 мамыр күндері  Өскемен қаласында өткен универсиадада Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындары – жеңіл атлектика, лақтыру, секіру спорттарынан сайысқа түсті.  Соның ішінде университетіміздің Аграрлық факультетінің 3 курс студенті Ахметов Аман  1500м қашықтыққа жүгіруден чемпион атанды, және 5000м жүгіруден 2 орынға ие болды. Сонымен қатар диск пен найза лақтырудан 1 курс студенттері Омарова Янна 2 орынды иеленсе, Елена Негреева 3 орынға ие болды. Құттықтаймыз!