Командалық есепте үздік деп танылды

Пресс-служба     12 Apr,2019        

Шәкәрім университетінің инженерлік-технологиялық факультетінің 3 курс студенттері Алматы энергетика және байланыс университетінің базасында өткен пән олимпиядасында «Теплоэнергетика» мамандығы бойынша командалық есепте 1 орынға ие болды.

Жоғарғы оқу орындарынан 10 команда қатысқан олимпиядада университет студенттері жалпы есептік жеңістен бөлек жеке есепте де жүлделі орындарды еншіледі. Кафедра меңгерушісі “Техникалық физика және жылуэнергетика” кафедрасының, т. ғ. к., доцент Ольга Степанованың жетекшілігімен Мартынова Наталья бірінші орынды және Умыржан Темірлан үшінші орынды иеленді.