Қос бірдей мереке аталып өтті

Пресс-служба     28 Jun,2019        

27 маусым күні Шәкәрім университеті кітапханасында Coworking  орталығының ашылу салтанаты және журналистер күніне арналған мерекелік шара өтті.

Қала игілігіне беріліп отырған Coworking орталығы тұрғындардың зияткерлік демалыс орнына айналмақ. Кітап оқу, кездесулер мен түрлі іс-шараларға арналған орталықтың ашылуы қала тұрғындарының рухани демалуына таптырмас орын.

Ашылу салтанаты 28- маусым журналистер күніне арналған мерекелік шарамен жалғасты.  Қаламыздың кәсіби журналистері «Шығармашылық шеберлік» тақырыбында студент жастармен кездесіп, тәжірибелерімен бөлісті. Университетіміздің журналистика мамандығының студенттері көкейінде жүрген сұрақтарға ұтымды жауап алды.

«Кәсіби журналистермен кездесу бізге үлкен әсер сыйлады. Әрі, үйренгеніміз де көп болды», дейді журналист студенттер.

Халықтың тіршілігінен, әлеуметтік әл-ауқатынан, руханияты мен қоғам тынысынан хабар тарататын қалам иелерін төл мерекелерімен құттықтап, алғыс хатпен марапатталды.