Қос дипломды білім беру бағдарламасы іске асады

Пресс-служба     03 Jun,2019        

30 мамыр мен 1 маусым аралығында Шәкәрім университетінде “Ғылым мен білім берудің өзара әрекеттестігінің Серіктестік үлгілері”атты пленарлық Сессия өтті. Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры, академик Есполов Тілектес Исабайұлы Шығыс Қазақстан облысының агроөнеркәсіп кешенінің өкілдерімен кездесіп, тәжірибе алмасып, ой-пікірлерімен бөлісті.

Шара барысында  Шәкәрім университеті мен Қазақ ұлттық аграрлық университеті арасындағы білім алушыларды жалпы білім беру бағдарламалары арқылы даярлау бойынша қосдипломды білім беру бағдарламасы аясында келісімге қол қойылды.  Қос тараптың келісімімен университетімізде қабылдау комиссиясы ашылды.

Қосдипломды бағдарлама Шәкәрім университетінде оқи отырып, ұлттық университеттің білімін қатар алып шығуға үлкен мүмкіндік береді.  Сонымен қатар Шығыс Қазақстан облысының талантты жастарының элиталық білімге қол жеткізуіне жол ашатын болады.